ОРЫС
МЕКТЕПТЕРИНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘТІНДІ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ
Құлжанова
А. Г.
Қазақстанның білім
беру жүйесі қатып қалған дүние емес, бүгінгі күннің талабына сай, оқушының ақыл
- ойын, қабілетін дамыту, әлемдік денгей талабына жауап беретін
интеллектуалдық потеңциал дайындау мақсаты көзделініп отыр. Әрине, 21 -
ғасырдың қойған бұл талабы, сөзсіз қиын. Бұл қиын жағдайдан шығудың жолы -
адамның барлық шығармашылық мүмкіндіктерін пайдаланатын жаңа технологияны іздеп
табу. Осыған орай бүкіл білім беру жүйесі озық тәжірибелер мен технологияларды
еңгізуде. Бұл жүзеге асырылатын білім беру мақсаты мен міндеттерінің дәстүрлі
оқытудан түбегейлі өзгешеліктерін қолдану арқылы. оқу әркетін қалыптастыру
негізінде, оқушылардың жекебас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылып, ең алдымен
білім, білік, дағдыларын меңгерудің негізі ретінде оқушы дамуы мен тәрбиесін
қамтамасыз ету міндеттерін көздейді. Бала дамуын жан - жақты, терең білу, оның
даралық ерекшеліктерімен санасын отыру, мұғалімге үлкен міндет пен
жауапкершілік жүктейді.
Баланың қабілеттерін
дамыту, ақыл - ойын жетілдіру мәселелеріне ежелгі грек ғалымы, философы Сократ,
Шығыстың әйгілі ойшылы Әл - Фараби, өзімізге етене жақын ұлы ойшылы, ақынымыз
Абай да аса назар аударған. Олардан кейінгі педагогика мен психологияға
ден қоя қараған Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жүмабаевтар баланың ақылын, танымын,
еркі мен зейінін қалыптастыру арқылы бойға біткен қабілетті дамытып жүйелі ой
түйіп, білім тұңғиығына бойлауға мүмкіндіктер ашатындығын атап айтқан.
Кәсіби шеберлік,
шәкіртті баурап алып, қызығушылықтарын арттыру, терең білім беру -ұстаздың
талмай ізденуінде. Бойына жинақтаған теориялық білім мен тәжірибені ұштастыра
отырып, ізденістен жалықпаған ғана кәсіби шеберліктің шыңына шығары анық.
Мен оқытатын орыс
тілінде жүргізілетін мектепте қазақ тілінен 31 жылға жуық білім беріп келемін.
Осы жылдар аралығында мектеп пен қоғамда қаншама өзгерістер болып өтті.
Мәтін және оны
қабылдау да - өз шешімін таппай отырған, кең ауқымда зерттеуді қажет ететін
мәтін лингвистикасының өзекті мәселелерінің бірі. « Мәтін анықтамасын түсінуде
ол феноменді оқып - үйренудің түрлі әдістемесі мен амал - тәсілі анықталады.
Бүгінгі күнде мәтін аударуда ». Сонымен бірге лингвистер бірінші кезекте тілдің
функционалдық - коммуникативтік сапасы мен мәтін арқауын құрайтын құралға назар
аударды. « Мәтін » деген түсінік « Мәтін грамматикасы, мәтін стилистикасы », «
Мәтін лингвистикасы » деген лингвистикалық терминдер атауымен кіреді. Бірақ дәл
тіл білімнің ауқымда « мәтін » әлі нақты анықтамасын алған жоқ. Ол көп қырлы
болғандықтан түсінікті тілдік қатегория тарапынан қиюластыру мүмкін емес.
Сондықтан « сөйлемнің күрделі бірлігі », « сөйлемнің бірізділігі », типтік
анықтама және тағы басқа үнемі кисынсыз болады, сондықтан да ол материалдық
құрылысын, оның экстралингвистикалық көрсеткішін, сонымен бірге коммуникацияға
қатысушылар рөлін назардан тыс қалдырады. Сонымен бірге мәтін мағынасы оның жарыққа
шығу себебімен анықталады.
Демек, мәтін
феноменінің көп құрлығын есепке алған жағдайда, оған түрлі анықтамалар беруте
болады. Мұның өзі шындығында мәтін ретінде оған анықтама беруде негізгі рөл
атқаратынына дәлел бола алады. Мәтін сөйлеу шығармашылығы таңбалық жүйелілік
сияқты ақпараттық кеңістікті анықтайды. Семиотикада мәтін коммуникацияның кез
келген формасы, мәселен, салт, би, әдет - ғұрып және тағы басқа кез келген
таңбанын бірізді, байыпты жүйесі деп түсіндіріледі.
Филология ғылымында,
атап айтсақ, тіл білімінде, мәтін - таңбаның ауызша ( сөздің ) жүйесі деп
таньшады. Сөйтіп, мәтін бір мағынаны - бастапқыда коммуникативтік мағынаны
білдірген, сондықтан мәтін - коммуникативтік бірлік деп ататады.
Мәтін сөзі ( латын
тілінде textus ) « тұтасып кеткен, біріккең ткань » деген ұғымды білдіреді.
Сондықтан көңіл аударарлық бір жайт, не бірігеді, қалай, не үшін бірігеді деген
нәрсені анықтап алу қажет. Қалай дегенде мәтін - мағыналық жағынан біріккең
жүйелі таңбалық бірлік, негізгі өзіне тән байлаулы және тұтастық қасиетке ие.
Ондай жүйелі таңба коммуникативтік бірліктің жоғары денгейі, сондықтан ол әдеби
шығарманың толық анықталған мағынасына ие, яғни аяқталған ақпараттық және
құрылымдық тұтастық. Бұл бүтін, әрі таңғаларлықтай жат құбылыс. Қомақты билік
болғанымен, тұтастық үнемі функционалдық құрылым болып табылады және бұл
құрылымда тұтастықтың өз орны бар.
Мәтін
категорияларының мәндері (мағыналық, құрылымдық, функционалдық,
коммуникативтік) әр түрлі болғанымен, бір - бірімен байланыспайды, тек бір -
біріне ықпал етеді, ол - аса сапалы түрде құрастырылған тұтастық,
Қисындылық пен
тұтастық - мәтінге ғана тән қасиет ол тек дербес талдауды қажет етеді.
Сондықтан да бұл екеуі мәтін шеңберінде бірін - бірі толықтырады және өзара
бірлікте қолданылады: мәтін мазмұнын біртұтас мағына, дәл берілген тілдік
құралдар ашады. Сөйтіп, тілдік қисындылық Сонымен бірге мағыналық тұтастық оның
көрсеткіші болады. Әлбетте, егер табиғи ситуацияны ескеретін болсақ, мәтін
пайда болған кезде айқын мақсатты мағынаны көрсетуді талап етеді.
Мәтін теориясында
мәтін туралы мәселеге ерекше назар аударып, оны теориялық жағынан саралаудың
маңызы зор. Текстология сияқты филология саласының да ерекше қарастыратыны
-мәтіннің айрықша формасы. Лингвистика мәтіннің интонациялық, лексикалық және
синтаксистік амал - тәсілдерін, графикалық әріппен белгілеу және пунктуациялық
ерекшеліктерін зерттейді.
«Мәтін» деген ұғым
тек тілдік жағынан құрастырылған және әдеби шығармаға ғана тән болады, алайда
оның бөліктеріне, айтарлықтай дербес көзқарасты микромәтінге қолданылмауы
мүмкін. Тек сондай мәтін, оның тарауы, бөлімі, параграфы, мәтін кіріспесі,
қорытындысы, тағы басқа туралы айтуға болады.
Негізінде мәтін
қабылдауды қамтамасыз ету тілдік және графикалық бірліктермен, жалпы білім
қорымен, басқаша айтқанда « коммуникативтік аямен » мәтінжасамның жүзеге асу
жолдарымен және оны түсіндірумен байланысты жүзеге асады. Сондықтан қабылдау
прессуппозициямен (прелат: pral -алда, supposition - болжам, презумпция ) тығыз
байланысты.
Прессуппозиция - бұл
сөзбен білдіре алмайтын, мәліметті қабылдаушының санасында болатын барлық
мәліметтерді және одан тыс жатқан, алайда оларды дұрыс және жеткілікті түрде
түсінуге кепілдік беретін мәтіннің мағыналық компоненті. Прессуппозиция
бұрынғы өткен мәтінді оқығанда пайда болатын немесе тіпті мәтіннен тысқары,
мәтін құраушының тәжірибесі мен білімнің нәтижесінен туындауы мүмкін.
Мәтінді толық түсініп
қабылдау үшін « мол мәдениетті контекст » керек, ол жазушы мен оқырманның жалпы
бтім қорын құрайды.
Мәтін - «байланысу,
бірігу» деген мағынаны білдіретін сөз. Ол сөйлегенде, жазғанда пайда болады да,
қажетті бір тұтас ойды аяқтайды.
Мәтіннің тақырыбы
болады. Мәтін сөздерден, сөйлемдерден, абзацтардан тұрады. Мәтін әртүрлі
мазмұнға құрылады. Онда оқиғалар хабарланады, баяндалады, әңгімеленеді,
құбылыстар сипатталады, суреттеледі.
Мәтінге газет -
журнал материалдары, өлен шумақтары, оқулықтағы ережелер және әртүрлі
тақырыптағы сөйлесулер жатады.
Орыс мектептеріндегі
қазақ тілін жүргізу мұғалімдерден көп дайындықты талап етеді. Мұғалімнің
еңбегінің табысты болуының қайнар көзі оқушының ана тілі мен қазақ тілінің
арасындағы әрқилы ұқсастықтары, айырмашылықтарын есепке ала отырып, соларға
негіздей оқытқанда ғана сабақ табысты да тиімді болады. Оқу - тәрбие жаршысының
негізі - сабақ. Сапалы сабақ оқу тәрбиесінің нәтижесінің нәтижелі болуыла
тікелей әсер етеді.
Сабақ үстінде
оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай
нақтылы міндет қоя білу - ол әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Өйткені
оқушыларды терең әрі жинақты біліммен қаруландыру, олардың шығармашылық
қабілетін, қызығушылық талғамын дамыту, өз бетінше білімін толықтандыруға
дағдыландыру сияқты күрделі жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл әрбір
мұғалімді ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Әрбір
мұғалімнін негізгі алға қойған міндеті — шәкірттердің ой - өрісін кенейтуге,
биік адамгершшік қасиеттерін өалыптастыру.
Тілді оқытып,
үйретудің сапасын арттыру әртүрлі жағдайларға байланысты. Орыс мектебінде
оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты - оқушыларға қазақ тілін менгерту,
ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін
дәрежеге жеткізу, қазақ халқынын әдет -ғұрпын, тарихын танып талаптандыру,
тілін құрметтеуге тәрбиелеу, Сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы
құбылысты, тыныс - тіршілігімен жан - жақты терең таныстыру.
Сабақ өткізу, оқыту
барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінін бірі - сабақта мәтінмен
жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс дегеніміз - сабақта өтілетін әр
түрлі жұмыстардын жиынтығынан құралады. Олар:
1. Дыбыстармен жұмыс;
2.Сөздіктермен жұмыс;
З.Сөздік қорларын
жетілдіру;
4.тіл дамыту;
5.Ауызша сөйлей
білуге дағдыландыру.
1.1.
Мәтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге бөлінеді:
1.Мәтінді оқығанға
дейінгі кезең;
2.Мәтінмен жұмыс
кезеңі;
3.Мәтінді оқығаннан
кейінгі кезең;
1.0. Мәтін
оқығанға дейінгі кезең мынадай бағытта жүргізіледі:
1 .Бірнеше бөлімге
бөліп оқыту;
2.Бөлімдерге ат қою;
3. Негізгі, жаңама
ойды таптыру;
4.Мәтін бойынша
сұраққа жауап беру;
5.0кығанның мазмұнын
айту;
6.Жоспар құру.
1.3.
Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең:
7.Жағдаят шешу;
8.Пікірталас;
9.Мәтінге ат қою;
10. Диалог, ситуация құру;
11. Шығармашылық
тапсырмалар орындау;
12. Мәтіннің мазмұнын
жоспар бойынша айту.
Мәтінмен жұмыс істеу
кезеңінде оқушыларды жұмыс істеу қабілеттеріне және білім денгейлеріне қарай
топтарға бөлініп, әр топқа лайықты тапсырма берген жөн. Ол үшін қазақ тілінде
оқудын ерекшеліктерін менгерткен жөн:
аү қазақтіліне тән
дыбыстардың айтылуы, жазылуы;
әү ол дыбыстарды
айтылу және жазылу жағынан бір - бірінен ажырата білу;
бү «О» дыбысының
қазақ тілінде ешқандай өзгеріссіз болатынын түсіндіру;
Мәтінді оқудың
мынадай түрлерін сабақ үстінде қолданамын:
1. Дауыстап оқыту
арқылы оқушының сөйлеу әлементтерін менгергендерін байқауға болады, тағы да бір
тиімділігі- оқушылар бірінің қатесін бірі естіп және түзетіп отырады.
2. Іштей оқу - бұл
жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтау. Мысалы: оқушыларға
іштей оқу үшін бір мәтін беремін де, қай жерге дейін оқу керектігін
белгілеймін. Әркім белгілеген жерге келгенде кітаптарын жауып, бітіргенін
байқатады. Солай оқушылардың оқу шапшаңдықтарының мөлшерін өзіме белгілеп
отырамын.
3.Араласып оқу ү
кезекпен оқу ү.
4.Буынға бөліп оқу.
5.Мәнерлеп оқу.
6.Сөйлемді мазмұнына,
айтылуына қарай ырғағымен оқу.
Оқушыларды шапшаң
оқута дағдыландыру, әрине, өте жақсы. Дегенмен, олардың шапшаң оқуы толық
түсініп оқыды деген сез емес. Оқушының мәтінді түсіну қабілетін әр түрлі әдіс -
тәсілдер қолдана отырып анықтауға болады. Бұл жерде айтатыным, күнделікті сабақ
сайын мәтіннін бір сөзін қалдырмай аударып, тек осындай аударма жұмысымен
шектеліп калмау керек. Ол балаларды зеріктіріп. ынтасын кемітіп, ойлану
қабілетін тежейді. Сол себепті әр түрлі әдістер қолдануды жөн көрдім:
1 .Мәтінді қазақ
тілінен орыс тіліне аудару;
2. Оқыған мәтіннің
мазмұнын айтқызу, қазақ тілінде жеткізуге қиналса, орыс тілінде айқызу;
3.Мұғалімнің сұрағына
дайын жауап беру;
4. Берілген мәтіндегі
ойды бірнеше сөйлемдер арқылы айтып беру:
5. Оқыған мәтінге
немесе бөлімге тақырып қою;
6. Үлестірмелі
кәртішкелерге мәтінді түсінгенін айтуға көмектесетін тірек сөздер жазылады. Сол
бойынша мәтіндегі ойды әңгімелейді;
7. Мәтіннің мазмұнына
сай келетін суреттерді таңдап алып, соларды пайдалана отырып, әңгіме құраута
болады.
8.Жоспар құрғызып,
мәтіннін мазмұнын түсінгендерін тыңдау.
Мәтін бойынша сабақ
өткізу әдісі. Өзге оқулықтар тәрізді қазақ тілі оқулығы да оқытуды жүзеге
асыруда шешуші қызмет атқарады.Психология ғылымын
зерттеушілердің пікіріне сүйенетін болсақ, бала неғұрлым жас болған сайын өзге
тілді қабылдау, игеру мүмкіншілігі соғұрлым жоғары болады. Мақсат - оқушыны жас
кезінен бастап - ак қазақ тілін әдеби норма бойынша үйретуге дағдынандыру.
Осыған байланысты сөзді дұрыс айту жағына, дұрыс қолдаңу жағына баса назар
аудару керек, өйткені бала жас кезінде қалай дағдыланса, сол қалпын үлкейгенде
оңайлықпен бұза алмайды, сондықтан теріс дағды қалыптаскан ересектең таза
қалпыңдағы жасты оқытып - үйрету әлдеқайда жеңіл болады.
Мәтіндерге берілген
барлық сөздер мен грамматикачық материалдарды бір сабақ үстінде үйретуді мүмкін
емес, сондықтан үйретілуте тиісті сөздермен грамматикалық материатлдарға баса
назар аударылуы қажет. Мәтіндерді іріктеп алып, ұтымды пайдалануда мұғалім
белгілі бір принциптерді белгілеп алып, оларды өзіне таяныш ету керек.
1. Мәтіннің тақырыпқа
сәйкестілігі, тәрбиелік мәні. Мәтіннің тақырыпқа сәйкестілігі, тәрбиелік мәні
оқыту жүйесіндегі аса бір қажетті мәселенің бірі.
2. Мәтіннің оқу
арқылы менгертілуі. Мұғалім мәтінді ең алдымен талапқа сай сөзді оқып шығып,
оқудың үлгісін көрсетеді. Осы кезде оқушылар оқулықтарына қарап отырып, оқудың
үлгісін көрсетеді. Осы кезде оқушылар оқулықтарына қарап отырып, оқудың техникасына
баса назар аударылады. Оқушылардың қатысуымен мәтіннің мазмұны түсіндіріледі,
сөздік жұмысы жүргізіледі, мақсат - тіл дамыту. Жоғары сыныптарда мәтін
оқушылардың өздеріне оқыттырылып, қателері болса, мұғалімнің көмегімен, не
басқа баланың қатысуымен түзетіледі. Жаңа сөзде болса, айрықша түсіндіріліп,
сөздік дәптерге жазылады.
3. Мәтіннің сұрақ -
жауап әдісі арқылы игерілуі. Бұл - мәтінді игерудің аса бір ұтымды жолы. Сұрақ
бірде мүғалім тарапынан қойылып, оқушылардың қатысуымен жауап қайтарылса, бірде
сұрақты оқушылардың өздері қойып жауапты өздері қайтарады, бірақ мұғалімнің
тікелей бақылауы, ретті жерлерінде араласып отыруы аса қажет.
4. Мәтіндегі жаңа
сөздер мен грамматикалық материалдардың менгерілуі. Мәтіндегі жаңа сөздерді
игеру оқушылардың лексикалық қорын байытуға, қазақша сөйлей білу мүмкіншілігін
арттыруға тікелей жағдай жасайды. Жаңа сөздерді менгеру мұғалімнің тікелей
түсіндіруі арқылы, сұрақ - жауап әдісін тірек ете отырып, сол сөздің қатысуымен
әртүрлі сөйлемдер құрау арқылы сөздік жұмыстарын пайдатану арқылы іске асады.
Осындай жұмыс
түрлерін өткізе отырып, мәтінмен жұмыс жүргізу кезінде оқушылардың ой -өрісін
дамьтуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады.
Қазіргі білім беру
жүйесінде жаңа технологияларды еңгізу күннен - күнге басты талапқа айналып, осы
әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшеюде. Оқу бағдарламасына жаңа үрдістер,
жаңа оқу технологиялары көптеп еңгізілуде. Солардың бірі М. М. Жанпейісованың
«Модульдік оқыту технологиясын» өзімнің практикамда қолданамын.
Қазақ тілі сабағын оқытуда
жаңа технологияның өзіне тиімдісін қолдана отырып оқушының мүмкіншіліктеріне
қарай денгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар, тіл байлығын, сөздік қорын
байытуға арналған мәтінмен жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, оқушылардың
білім сапасын жоғары көтере алады. Білім сапасын көтеру дегеніміз - оқушыны
жоғары денгейге көтеру. Осы мақсатты алға қоя отырып, тіл үйретуде мәтінмен
жұмыс түрлерін тиімді пайдаланып, оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысын
қалыптастыру.
Сөздік
Сәлеметсіз бе!-здравствуйте! Аты-жөні-имя,фамилия
Сәлеметсіздер
ме!-здравствуйте! Жақсы-хорошо
Сәлеметсің
бе!-здравствуй! Оқу-учиться
Сәлем!-привет! Жас-лет
Қайырлы таң!-доброе утро! Қуаныштымын-я рад(а)
Қайырлы күн!-добрый день!
Танысу-знакомство
Тапсырма.Диалогты оқып,өзара сөйлесіңдер.
-Сәлеметсің бе!
-Қайырлы күн!
-Сенің атың кім?
-Менің атым......
-Сіз неше жастасыз?
-Мен ....жастамын.
-Сіз қайда тұрасың?
-Мен..........қаласында тұрамын.
-Сізбен танысқаныма қуаныштымын.
-Мен де қуаныштымын.
Сұрақтарға жауап беріңіздер.Сөйлемнің сөздерін буынға
бөліңіздер.
1.Сіздің атыңыз кім?2.Сіздің фамилияңыз кім?3.Әкеңіздің
аты кім?Ол неше жаста?4.Шешеңіздің аты кім?5.Сіздің үйіңіз қайда,қай көшеде
орналасқан?6.Сіздің жолдасыңыз кім?7.Сіздің жолдасыңыз қай жерде жұмыс істейді?
Үлгі бойынша сөйлем құраңдар.Қазақ ьтіліне тән
дыбыстардың астын сызыңдар.
Үлгі:Мен кеше Алмагүлмен таныстым.
Керекті сөздер:мен таныстым,ол айтты,біз сөйлестік,оның ермегі.
Мен кіммін,өзім туралы диалог.
Менің атым....,фамилиям.......
Мен.....жастамын.Туған жерім.......
Қазір......қаласында,....көшесінде,№...үйде,...пәтерде тұрамын.
Мен №...
жұмыс істеймін.
Менің
отбасым.
Сөздік.
Сіңлі-мл.сестра орталық-центр
Қарындас-мл
сестра(ему) ...қабатты үй-..этажный дом.
Іні-мл.брат дәст үр-традиция
Жақын-родной,близкий тату-дружный
Бауырмал-сердечный құрмет
көрсету-уважать
Қамқоршы-заботливый қамқор
болу-заботиться
Пісіру-готовить бірге-вместе
Тұру-жить Қарсы
алу-встречать
Тапсырма.Сөйлемдерді
дауыстап оқыңыздар.Сөздердегі үндестік заңын көрсетіңдер.
1.Атам диванда отыр.
2.Әжем қолғап тоқып
отыр.
3.Әкем мен шешем
теледидар көріп отыр.
4.Біздің отбасымыз қалада
тұрады.
Көп нүктенің орнына
керекті сөздерді қойып жазыңыздар.
Менің
отбасым.
Менің
отбасымда.......адам бар.Олар:
......,...........,.............,.........,...
Менің
әкем-.............. Анам-..........Ағам-..........Балаларым-.................
Мен-....................
Біздің отбасымыз...............
Менің құрбым.
Менің құрбымның
есімі-......... Ол ...... жаста.Оның отбасында....адам бар.
Ол...............болып
жұмыс істейді.Менің құрбыларым өте көп,мен олармен жақсы араласамын.Менің
құрбымның отбасы тату,қашан барсаң да құшақ жая қарсы алады.
Сөйлемдегі сөздердің
дұрыс орнын тап.
1.Отбасым,менің,тұрады,тату-тәтті.
2. Құрбымның,
тату,менің ,отбасы,тұрады.
3.Ұнайды ,жұмысым,маған,өз.
Мамандықтар иесімен
танысу. Жырту-пахать
Сөздік керек-нужно
Жан-душа тасу-возить
Болғым келеді-хочу стать,хочу
быть егінші-плевод
Аулау-ловить мұғалім-ұстаз
Емдеу-лечить ұнайды-нравится
Түсу-поступить мамандық-спциальность
Диалогты оқып,өзара
сөйлесіңіздер.
-Сіз кімсіз?
-Мен..............
-Сіздің мамандығыңыз қандай?
-Менің мамандығым................
-Сіздің мамандығыңыз өзіңізге
ұнай ма?
-............................................
-Сіздің балаларыңыздың мамандықтары
қандай?
1.Мәтінді мәнерлеп оқып,аударыңдар.
Мамандықтар
Әр түрлі мамандық
бар.Олар:дәрігер,мұғалім,наубайшы,жүргізуші,шаштараз,кітапханашы,сатушы,аспаз
және тағы басқалар.
Мамандықтардың барлығы адамға
керек.Әр мамандықтың өз ерекшелігі
болады.
Дәрігер адамдарды емдейді.
Сұғалім балаларды оқытады.
Наубайшы нан пісіреді.
Жүргізуші машина жүргізеді.
Шаштараз шаш алады.
Кітапханашы кітап береді.
Аспаз тамақ даярлайды.
Барлық мамандықтар
жақсы,қызықты.Әр адамөзіне ұнаған мамандықты таңдап алады.
2.Мәтіндегі
:мұғалім,дәрігер,мамандық сөздерін тәуелдеңіздер.
Жекеше Көпше
І жақ Менің мұғалім.... І жақ Біздің
мұғалім...
ІІ жақ Сенің
мұғалім.... ІІ жақ
Сендердің мұғалім....
ІІс.т.Сіздің
Мұғалім..... ІІ
с.т.Сіздердің мұғалім.....
ІІІ жақ Оның мұғалім.. ІІІжақ Олардың мұ
Комментариев нет:
Отправить комментарий