четверг, 29 марта 2018 г.


  «Қазақтың ұлттық ойындарын үйренеміз»
       Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған.
        Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып, халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі әрі көрінісі болған. Қазақтың ұлттық ойындары жүгіру, секіру элементтеріне бай. Ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру – жас ағзаның дұрыс та сергек өсуінің көзі болған және де балалар ойын ойнаған кезде  ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты сонымен қатар, мінез-құлық ерекшеліктерін, білек-күшін, дененің сомданып шынығуын қалыптастырады. Сондықтан ұлттық ойындарды оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану қоғамымыздың ұлттық идеологиясын нығайтудағы  өзекті мәселелердің бірі.
        Бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі қоғамның басты  міндеттердің бірі. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Осы бағытта Теміртау қаласында «Әйелдер гимназиясында» 12 наурыздан 20 наурыз аралығында үзілістерде оқушылар арасында «Қазақтың ұлттық ойындарын үйренеміз» атты іс-шаралар ұйымдастырылды.Әр үзісілте жас ерекшеліктеріне қарай отырып оқушылар мен бірге «Соқыр теке», «Кім мықты», «Түйілген орамал», «Орамал тастамақ» ойындары ойналды.Ойында оқушылар  қарсыласының әлсіз және күшті жақтарып дұрыс анықтап,оның күш қабілетін тура бағалауға, ұлттық ойындардың мәнін, мақсатын теориялық және іс жүзінде ұғынумен қатар,ұлттық ойын түрлерімен танысып,ой - өрісін кеңейді.
 Оқушылардың қызығушылықтары арта түсіп өздері де қосымша ұлттық ойындар түрлері туралы оқып, түрлі ойындар ойнайық деп ұсыныстар жасады.






Киіз үйде- қазақ тілі  
19 -20 наурыз күндері  Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы «Өлке тану» базалық бағыты бойынша «Ұлыстың Ұлы күні,Наурыз» мерекесіне арнап «Киіз үйде-қазақ тілі» тақырыбында Теміртау қаласы «Әйелдер гимназиясыда» спорт залға тігілген киіз үйде 1- «А»,4- «А»,«Б»,5-«А»,7- «А», «Б», сыныптарда экскурсия сабақтары өтті. Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту;оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру арқылы киіз үймен,оның жабдықтарымен,ұлттық ыдыстармен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.
Киіз үй - «Атамыз - Алаш, керегеміз - ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үйдің шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен-жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды. Әрине, киіз үйді әркім біледі, бағалайды. Шынында да, арғы-бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ, киіз үйіміздің атқарған қызметі мен рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Оған қарап отырсақ, бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыздың ақыл-ойы, тұрмыс мәдениеті, талғамы еш халықтан кем емес керісінше,біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болатындығымен қатар,ол халқымыздың ежелден желісі үзілмей келіп жеткен көне де ізгі дәстүрі екендігін ұғындыра отырып, ұлттық киелі киіз үйдің тігілу технологиясымен қатар әр бөлегін көрсетіп,бөліктерімен бірге керекті құрал жабдықтар туралы да атап, көрсетілді.Халық шеберлері нің ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан таңғаларлық тамаша шығармалары мен таныстыра отырып, өнерге қанат қаққан шәкірттерді шеберлік шыңына жетелеп, оқушыларды ұлттық қолөнерге баулу мақсатында, көрпешелерде, киіздерде,жастықтарда, киімдерде әшекейленіп тігілген ою-өрнек түрлерінің атауларымен жасалу технологияларымен,мән-мағынасы туралы айттылды. Көрмеге қойылған қоржын, туралы айта отырып қазіргі кезде тойларда қоржын ретінде тойтабаққа пайдаланып жатқандығымен қатар, көрмедегі әр бір зат туралы толық мәлімет берілді. Экскурсия барысында оқушылар теледидардан,интернеттен көріп жүрген заттарын ұстап жан-жақты қарап  туындаған сұрақтарға толық жауап алды.
Сонымен қатар оқушыларды топтарға бөліп, «Арқан тарту», «Соқыр теке», «Сақина тастау», «Кім мықты» ұлттық ойындар ойнадық. Жеңіске жеткен командаларға қошемет көрсетілді.Оқушыларға  экскурсия сабағы қатты ұнағандығын айтып,алған әсерлерін бір-біріне жеткізіп құанышты қайтты.












вторник, 27 марта 2018 г.


Исагалиева  Динара  Тургалиевна , қазақ тілі мен әдебиет  пәнінің  мұғалімі
«Теміртау қ. әйелдер гимназиясы» КММ
«Наурыз-жыл басы»
        Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы  қарсаңында Теміртау  қаласындағы  «Әйелдер гимназиясы » КММ   бастауыш сыныптар аралығында мерекелік іс-шара өткізілді. Мереке мектепішілік  құрылған жоспар бойынша өтті. Мемлекеттік деңгейде аталып отырған мерекенің негізгі мақсаты:  оқушыларға Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі туралы мағлұмат беру, еліміздің салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын құрметтеуге және оқушылардың ой-өрісін дамытумен бірге талғампаздыққа, әсемдікке баулу.
2018 жылдың 17 наурыз күні мектепте 1 – 4 сынып оқушылар арасында «Нұр себеле,  Ұлыстың ұлы күні!» атты мерекелік іс-шара  деңгейінде өтті. Мерекеміздің мақсаты: бүкіл әлем халқының тамыры тереңге кеткен Наурыз мерекесінің терең мәдениетімен, әртүрлі әдет - ғұрыптарымен,  танысуға және миллиондаған халыққа бейбітшілік пен достық және бақыт үмітін сыйлайтын мереке екендігін бойларына сіңіру.Ұлыстың ұлы күніндегі мерекелік көңіл-күй  оқушыларға  сезілді.  Қазақтың   ұлттық  дәстүрі мен салтын санасына сіңіре білген жас ұрпақтың да серпіні ерекше. Бір кісідей би билеп, ( «Қара  жорға», «Домбыра»биі )наурыз жырларын оқып, думанды әндерін шырқады. Жас ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеп, әже тәрбиесін үлгі ету  барысында мектебімізге әжеміз  келіп,балаларға ақыл айтып , кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге шақырып өзінің  ақ батасы  берілді.Сонымен қатар  мектебіміздің оқушылары өзара бақ сынасып, сайысқа түсті. Олар бірнеше топқа бөлініп, өз өнерлерін  көрсетті. Әр сынып ұжымы өз таңдаулары бойынша бір ұлтты таңдап, сол халықтың өнерін көрсете білді. Ойындар ойнатылды: « Орамал», «Айгөлек», «Соқыртеке».  Сайыс бағдарламасы 5 байқаудан тұрады:  «Кел, танысайық», «Ағаш көркі жапырық», «Таңдаған ұлттың салт –дәстүрінен үзінді көрсету»,  «Өнерлінің өрісі кең», «Үй тапсырмасы ». (Ұлттық нақышқа байланысты көрме ұйымдастыру)
 Балаларды қазақтың ұлттық салт-дәстүр түрлерімен ,соның ішінде «Бесікке салу», «Тұсау  кесу дәстүрімен таныстыра отырып, балалардың сөздік қорына бесік жабдықтарының атауларын, дене мүшелерін дұрыс атай білуге бағытталды.
Баланың қазақы қалыпта, патриот азамат болып өсуі үшін оқушыларға беретін  тәрбиесі  маңызы зор деп білемін. Сондықтан, бұл  ұлттық рухты көтеретін мереке ерекше көңіл бөлінді.  



  Мерекелік жыр-тақпақ оқып, ұлттық би билеп, балалардың кеудесін айрықша қуаныш кернеді. Патриоттық болмысты балғын қылықтарымен көрсеткен оларға қарап, ұстаздардың  мерейі үстем болды.



Это интересно!

«Каждой пичужке наша кормушка» Экологическая акция в начальной школе женской гимназии Одним из направлений воспитательной работы...