вторник, 11 декабря 2018 г.

Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруда мәтінмен жұмыс істеудің тиімділігі


«Теміртау қ. әйелдер гимназиясы» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Калимбетова Г.А.
Тақырыбы: Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруда мәтінмен жұмыс істеудің тиімділігі
           Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайық орнын белгілеген біздің мемлекетіміз үшін  қазіргі заман талаптарына байланысты өзіндік көзқарасы, саяси түсінігі бар, білімді әрі жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындап отырғаны сөзсіз. Қазіргі заман  балалардың функционалды сауатты болуын талап етсе, соның бірі -оқу сауаттылығы.
Оқу сауаттылығы:
·         Ақпаратты табу;
·         Мәтінді интерпретациялау;
·         Рефлексия және бағалаудан тұрады.
Оқу сауаттылығы дегеніміз – қарапайым тілмен айтқанда бала өзі оқып отырған ақпаратты толықтай қабылдай біліп, ішінен негізгісін  ала білуі. Оқу сауаттылығын қалыптастыру үшін қазіргі кезде түрлі технологияларды пайдалануға болады.  Сондай технологиялардың бірі – оқу және жазу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы болса, сонымен қатар білім беру мен білім алудағы жаңа әдістер болып табылады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының негізгі ұстанымдары топтық жұмысқа, еркін ойлауға, жазбаша, ауызша ой алмасуға, мәтін мәнін ашуға, автор іріктеген сөздер мен сөз тіркестерінде жатқан ұғымдарды түсінуге, әрекеттестікке негізделген. Оқу сауаттылығы түсініп оқудан басталып, сөздер мағынасына, грамматика және тілдік, мәтіндік құрылымдарға талдау жасауды қамтиды. Оқу сауаттылығы бойынша  оқушылар мектеп аясында және мектептен тыс уақытта нені оқитынын, қандай мақсатпен оқитынын білуі қажет.
Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруға, соның ішінде мәтінмен сауатты жұмыс жүргізе білуге үйрететін бірден-бір құрал  –түрлі жаңа технологиялар, әдістер мен тәсілдер. Біз бұл жұмысымызда оқушылардың оқу сауаттылықтарын қалыптастырудағы белсенді оқыту әдістерінің рөлі мен маңызын ашып көрсетпекпін.
Оқушы түрлі оқу әдістермен таныс болады (танымдық, түртіп алу, түйіндеу). Мәтінді оқып, түсіну барысында бір әдістен екінші әдіске тез және оңай көше алады. Оқушының мәтінді оқуда басты идеясын түсіну дағдысын қалыптастыру керек. Қарсы пікірлер тудыратын мәтінмен жұмысты қолдану оқушының сыни тұрғыдан ойлауын дамытады. Мәтіндегі дайын салыстырулар мен ойларға өз өмірлік тәжірибесін пайдаланып қорытынды жасаған дұрыс. Оқыту үрдісіндегі оқушылармен мәтін бойынша жұмыс жасаудың әдістерінің түрлері көп. Пән мұғалімі оқушының сауаттылығы мен зияткерлік дамуын басшылыққа ала отырып, оқушымен жеке жұмыс жасайды. Оқушылардың мүмкіндік пен шығармашылық деңгейіне қарай жеке жұмыстар жүргізіледі. Оқушыға бағытталған әдіс-тәсілдерді түрлендіре отырып, саралап, қабілеті жоғары оқушыларды анықтаймыз.
Оқу- өте күрделі, қиын үдеріс. Күрделі үрдіс танымдық және коммуникативті міндеттерді шешуді көздейді: түсіну, нақты ақпаратты табу, мазмұндау, т.б.
Заманауи оқу сауаттылығы ұғымы түрлі мәтінді түсінумен анықталады.
Оқушылардың сауаттылығын арттыруда оқыту үрдісіне жаңа технологияны пайдаланудың нақты белгілері көрсетіліп отыр. Заманауи оқыту үдерісіне сай мұғалім сабақта тек бағыт беруші, ал көрсетіліп отырған жұмыс жүйесінің әр компоненті оқушы арқылы іске асырылатын және оқушының сауаттылығын арттыру мен дамытуға тікелей бағытталған нақты, нәтижесін берер жүйе деп санаймын. 


Комментариев нет:

Отправить комментарий

Это интересно!

«Каждой пичужке наша кормушка» Экологическая акция в начальной школе женской гимназии Одним из направлений воспитательной работы...