четверг, 29 марта 2018 г.


Киіз үйде- қазақ тілі  
19 -20 наурыз күндері  Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы «Өлке тану» базалық бағыты бойынша «Ұлыстың Ұлы күні,Наурыз» мерекесіне арнап «Киіз үйде-қазақ тілі» тақырыбында Теміртау қаласы «Әйелдер гимназиясыда» спорт залға тігілген киіз үйде 1- «А»,4- «А»,«Б»,5-«А»,7- «А», «Б», сыныптарда экскурсия сабақтары өтті. Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту;оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру арқылы киіз үймен,оның жабдықтарымен,ұлттық ыдыстармен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.
Киіз үй - «Атамыз - Алаш, керегеміз - ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үйдің шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен-жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды. Әрине, киіз үйді әркім біледі, бағалайды. Шынында да, арғы-бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ, киіз үйіміздің атқарған қызметі мен рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Оған қарап отырсақ, бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыздың ақыл-ойы, тұрмыс мәдениеті, талғамы еш халықтан кем емес керісінше,біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болатындығымен қатар,ол халқымыздың ежелден желісі үзілмей келіп жеткен көне де ізгі дәстүрі екендігін ұғындыра отырып, ұлттық киелі киіз үйдің тігілу технологиясымен қатар әр бөлегін көрсетіп,бөліктерімен бірге керекті құрал жабдықтар туралы да атап, көрсетілді.Халық шеберлері нің ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан таңғаларлық тамаша шығармалары мен таныстыра отырып, өнерге қанат қаққан шәкірттерді шеберлік шыңына жетелеп, оқушыларды ұлттық қолөнерге баулу мақсатында, көрпешелерде, киіздерде,жастықтарда, киімдерде әшекейленіп тігілген ою-өрнек түрлерінің атауларымен жасалу технологияларымен,мән-мағынасы туралы айттылды. Көрмеге қойылған қоржын, туралы айта отырып қазіргі кезде тойларда қоржын ретінде тойтабаққа пайдаланып жатқандығымен қатар, көрмедегі әр бір зат туралы толық мәлімет берілді. Экскурсия барысында оқушылар теледидардан,интернеттен көріп жүрген заттарын ұстап жан-жақты қарап  туындаған сұрақтарға толық жауап алды.
Сонымен қатар оқушыларды топтарға бөліп, «Арқан тарту», «Соқыр теке», «Сақина тастау», «Кім мықты» ұлттық ойындар ойнадық. Жеңіске жеткен командаларға қошемет көрсетілді.Оқушыларға  экскурсия сабағы қатты ұнағандығын айтып,алған әсерлерін бір-біріне жеткізіп құанышты қайтты.












Комментариев нет:

Отправить комментарий

Это интересно!

«Каждой пичужке наша кормушка» Экологическая акция в начальной школе женской гимназии Одним из направлений воспитательной работы...