четверг, 29 марта 2018 г.


  «Қазақтың ұлттық ойындарын үйренеміз»
       Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған.
        Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып, халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі әрі көрінісі болған. Қазақтың ұлттық ойындары жүгіру, секіру элементтеріне бай. Ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру – жас ағзаның дұрыс та сергек өсуінің көзі болған және де балалар ойын ойнаған кезде  ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты сонымен қатар, мінез-құлық ерекшеліктерін, білек-күшін, дененің сомданып шынығуын қалыптастырады. Сондықтан ұлттық ойындарды оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану қоғамымыздың ұлттық идеологиясын нығайтудағы  өзекті мәселелердің бірі.
        Бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі қоғамның басты  міндеттердің бірі. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Осы бағытта Теміртау қаласында «Әйелдер гимназиясында» 12 наурыздан 20 наурыз аралығында үзілістерде оқушылар арасында «Қазақтың ұлттық ойындарын үйренеміз» атты іс-шаралар ұйымдастырылды.Әр үзісілте жас ерекшеліктеріне қарай отырып оқушылар мен бірге «Соқыр теке», «Кім мықты», «Түйілген орамал», «Орамал тастамақ» ойындары ойналды.Ойында оқушылар  қарсыласының әлсіз және күшті жақтарып дұрыс анықтап,оның күш қабілетін тура бағалауға, ұлттық ойындардың мәнін, мақсатын теориялық және іс жүзінде ұғынумен қатар,ұлттық ойын түрлерімен танысып,ой - өрісін кеңейді.
 Оқушылардың қызығушылықтары арта түсіп өздері де қосымша ұлттық ойындар түрлері туралы оқып, түрлі ойындар ойнайық деп ұсыныстар жасады.





Комментариев нет:

Отправить комментарий

Это интересно!

«Каждой пичужке наша кормушка» Экологическая акция в начальной школе женской гимназии Одним из направлений воспитательной работы...