вторник, 27 февраля 2018 г.


17.02.2018ж. Бастауыш сынып мұғалімі Калимбетова Г.А.
Тақырыбы: Оқушыларға көмектесетін цифрлық білім  ресурстары
«Цифрлық Қазақстан - 2020" мемлекеттік бағдарламасы
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама аясында АКТ және ЦБР қолдану
                  Елестетіп көріңізші: Қазақстан. 2022 жыл. Халықтың 80 пайыздан астамы компьютерлік сауатты. Еңбектеген баланы есептемегенде, әріп пен сан танитын Қазақстанның кез келген тұрғыны интернетпен қамтылған. Үйден шықпай-ақ коммуналдық қарызын төлеп, керек десеңіз, сотқа да арызды үйде отырып жазады. Бұрынғыша баласының күнделігін сұрап әуре болмай, интернеттен-ақ бағасын көріп отырады. Міне, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының алға қойған мақсаты – осы.
                                                                                                         Н.Ә.Назарбаев
Цифрлық білім  ресурстары (ЦБР)
Цифрлық білім  ресурстары заманауи білім берудің ажырамас бөлігіне айналды.
Цифрлық білім ресурстары  (ЦБР) – бұл, сабақта электрондық оқытуды немесе оқушылардың үйде өзіндік дайындықты іске асыру үшін арналған цифрлық форматтағы дидактикалық материалдар.
Цифрлық білім  ресурстары:
Ø интерактивті мультимедиялық оқулықтар
Ø түрлі  жаттығу құрылғылары
Ø 3Д роликтер мен видеолар
Ø виртуалды турлар мен зертханалар
Ø үйрететін және дамытатын ойындар мен қосымшалар
         ЦБР көзі – Интернет
Гимназияның оқу-тәрбиелеу жоспарында ЦБР қолдану
Ø Жаңа материалды оқуда – ( Power Point презентация бағдарламасы, аудиобаспа, видеобейнелер, электронды оқулықтар);
Ø Оқығанды бекітуге  (тестілер, зертханалық жұмыстар);
Ø Өз білімін тексеруге ( зерттеу, іздену жұмыстары);
Үй тапсырмасына дайындалуда оқушыға  ЦБР-дың  көмегі
Ø Өз жобасын қорғауға, баяндамалар, рефераттар, презентациялар жасауда  материалдарды пайдалану;
Ø  энциклопедиялық сипаттағы қосымша ақпараттарды алу мүмкіндігі;
Ø көмек пәнін ыңғайлы және таңдалған деңгейде материалды меңгеру байланысты жеке ерекшеліктерін қабылдау;
Ø Үй жағдайында жеке пәнді оқуға көмек ретінде материалдарды қайталау;
Көркем және ғылыми әдебиеттерді оқу.
 Оқушыларға арналған ЦБР
Ø  Білім ресурсы Академии Хана  https://ru.khanacademy.org/
Ø Білім беру платформасы «BilimLаnd»
Ø Web.2.0 құралдары интерактивті бағдарлама:
LearningApps,
Kahoot
Цифрлық smart – сервис Quizizz
Ø Электрондық кітапхана
QR кодтар
Ø   Білім ресурсы Академии Хана  https://ru.khanacademy.org/
Тарау: Легкие. Чихание. Кашель. Икота
 Білім беру платформасы  «BilimLаnd»  https://bilimland.kz/kk#
10 ООО-нан аса курстар,  оқу бағдарламасына сәйкес интербелсенді сабақтар берілген. Осылардың ішінен өзіңізге керегіңізді таңдап аласыз. Мысалы:
Жаратылыстану; Жаратылыстану пәнін таңдаймыз. Тарау:  «Жер ғаламшары».   Сабақтың тақырыбы: Жер және біздің ғаламшарымыз.
Ø Бастауыш математика;
Ø Қазақ тілі;
Ø Ағылшын тілі;
Ø Дүниетану;
Видеотоптама
 «BilimLаnd»  Twig: https://twig-bilim.kz/ru
         Сыныпта да, үйде де пайдалануға ыңғайлы тамаша ресурс. Мектеп бағдарламасына сай бұл ресурс мыңдаған фильм, интерактивті көрнекілік және бақылау тапсырмаларынан тұрады. Мультимедиялық материал  “Жер ортақ үйіміз».  (Ауа райы.  Су. Кемпірқосақ дегеніміз не?)
 «BilimLаnd»  «IMektep» https://imektep.kz/kz
 Бастауыш сыныптарға арналған 100-ден астам шағын анимациялық фильмдер мен ойындар.
Бастауыш мектепті таңдаймыз.  Пәні: Әдебиеттік оқу.
Ақын жазушылар. Халық ауыз әдебиеті. Шығармашылық жұмыс. Осылардың ішінен Халық ауыз әдебиетін таңдаймыз. Оның ішінен «Ертегілер» таңдаймыз. Ертегілерді басқанда видео шығады және соңында түрлі ойындарды орындауға болады.
 Web.2.0 құрал
Интербелсенді бағдарлама:  LearnindApps  https://learningapps.org/
Все упражнение. Категория: География. «Животное и растения различных категории»
 Kahoot  - Play market  жүктеп аламыз. Бұл көбінесе мұғалімдерге арналған. Кейінгі сыныптарда қолдана бастаймыз. Міндетті түрде барлық балада смартфон болулары тиіс. Ағылшын тілінде ойындар.
 Электрондық кітапхана.
Ø ҚР Ұлттық электрондық кітапханасы  http://www.resurs.kz/outer/http://www.kazneb.kz
Ø Гимназия кітапханасындағы QR кодтар. Ертегілерді ұсынығым келіп тұр.
http://bsu-az.org/wp-content/uploads/2014/12/8.jpg


Комментариев нет:

Отправить комментарий

Это интересно!

«Каждой пичужке наша кормушка» Экологическая акция в начальной школе женской гимназии Одним из направлений воспитательной работы...