вторник, 27 февраля 2018 г.


Бастауыш сынып мұғалімі: Калимбетова Г.А.
Сынып: 1 "В"
Тақырыбы: Мамандықтар шеруі
Мақсаты: Мамандық туралы түсінік беру, оқушыларға қолдау көрсету, жоспарларын анықтау, мамандық таңдаудың қыр - сырларын меңгерту;
Көрнекілігі: Слайд,мамандықтар туралы суреттер

Барысы:
М
ұғалім:«Мамандық туралы» мағлұмат. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Жұмбақ шешіп, қандай мамандықтар білеміз?
1.Бал татыған мәзір,
Ол бар жерде әзір. (Аспаз)
2. Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын. (шаштаразшы)
3. Оның тіккен бұйымы,
Аяғыңды қаптайды,
Шыға қалса жұлымы,
Әдемілеп баптайды. (Етікші)
4. Дабылға тез жететін,
Жалынға сүңгіп кететін.
Қақалса да түтінге,
Тайсалмайтын батыл кім,
Жасқанбайтын батыр кім? (Өрт сөндіруші)
5. Қараңғыны қақ жарып,
Жүрген кім шам жағып? (Монтер)
6. Күміс қанат, сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді? (Ұшқыш)

Сергіту сәті: «Қандай мамандық» ойыны: Қиылған суреттер. Музыка ойнағанда айналып жүреміз, тоқтаған кезде құрастырамыз.
Сонымен қандай мамандық суреті шықты?
Мұғалім: Бүгін бізге қонаққа мейірбике маманы келіп отыр. Мейірбике қызметі қандай екен, әңгімесін тыңдап көрейік. Мейірбике  бізге қандай кеңес берер екен.
Қорытынды:  Ойын «Қандай мамандық?»
Бүгінгі кездесуіміз, болашақта мамандық таңдауға көмегін тигізеді деп ойлаймын.  Ж. Аймауытов “Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” деген екен.
“Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, яғни сендердің қолыңда, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді” деген Н. Ә. Назарбаев.


Комментариев нет:

Отправить комментарий

Это интересно!

«Каждой пичужке наша кормушка» Экологическая акция в начальной школе женской гимназии Одним из направлений воспитательной работы...