пятница, 19 января 2018 г.

Теміртау қаласының тарихи-өлкетану мұражайына саяхат
«Теміртау қ. әйелдер гимназиясы» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Калимбетова Г.А. 

Қысқы демалысымызды қалай қызықты өткізуге болады? Қайда барғымыз келеді? Бізді не қызықтырады? Осы сұрақтарды 1 «В» сынып оқушыларына қойдым, қыздардың жауаптарының көпшілігі қалалық өлкетану мұражайға саяхат жасағылары келетінін айтты. Көпшіліктің дауысының шешімімен 4 қаңтар күні Теміртау қаласының тарихи-өлкетану мұражайына саяхатқа шығатын болып келістік.
Міне, 4 қаңтар күні Теміртау қаласының тарихи-өлкетану мұражайына да келдік. Мұражай қызметшісі сынып ұжымын жақсы қарсы алды. Біздерді
Сарыарқа даласына саяхат жасатты. Қызыл кітапқа енген жан-жануарлардың қыр-сырымен таныстырды. Танымдық ойындар ұйымдастырды. Гимназия оқушылары ойындарға белсене қатысып, өз білімдерін сынап көрді. Сарыарқа даласына саяхатымызды аяқтаған соң, екінші қабаттағы жаңа жыл мерекесіне орай арнайы ұйымдастырылған «Жаңа жылдық карнавал» залына саяхатымызды жалғастырдық. Бұл залда қала оқушыларының түрлі материалдар жасалған жаңа жылдық киімдер үлгісі қойылған. Көрменің мақсаты «Үздік дизайнер» атағына лайық қала оқушысын анықтау. Ал, көрермендер өзі ұнатқан киімдерге өз дауысын бере алады. Залда қойылған киімдер тамаша жасалған, көз тартарлық деп айтуға болады. Балалардың қызығушылықтарында шек болмады.
Нәтижесінде оқушылар, тамаша әсер алып қайтты. Қысқы демалыстың бір күнін Теміртау қаласының тарихи-өлкетану мұражайына саяхатпен өткізді деп айтуға болады.


















 
 

 
 
 
 

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Это интересно!

«Каждой пичужке наша кормушка» Экологическая акция в начальной школе женской гимназии Одним из направлений воспитательной работы...