вторник, 2 января 2018 г.


                                                                Теміртау қаласының әйелдер гимназиясы» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Калимбетова Г.А.

Мәтін    оқу машығын  қалыптастыру  және  оны  жетілдірудің   жолдары

            Балаларды  дұрыс, жылдам, әрі  мәнерлеп  оқуға  үйрету-бастауыш білім  берудегі  басты  міндеттердің  бірі. Бұл  міндеттің  мәні  ерекше.Оқу  арқылы –күллі  әлемді, соның  ішінде  өз  ішкі  әлемін  де  көріп,танып-біледі.Оқу  кішкентай  шәкірттерді  тәрбиелеуге,жетілдіруге  арналған  құрал.
           Біз  кішкентай  шәкірттердің  оқу  техникасы  деңгейін  жетілдіруге  ықпал  ететін  негізгі  формалар  мен әдістерді  айқындауға,оларды  қолданудың   жолдарын белгілеуге  тырыстық.
         Оқу  техникасын  жетілдіру  мына  шарттар  сақталған    жағдайда  ғана   тиімді  болады:
-Шәкірттердің  назарын   аударатын,мәтінді  жеңіл  оқып  шығып,оңай  түсінетін   жаттығулар  жүйесін  таңдау.
-Жүйе  бойынша  жүргізіп  оқуға,әрі  түсініп,әрі  мәнерлеп  оқуға  ықпал  ететін  жаттығулар  өткізу.
-Балалардың  жеке  өзіндік  ерекшеліктерін  ескеріп  отыру.

        Көркем  шығарманы   талдау  жолдарын   айқындайтын  әдістемелік  ережелер  әзірленді.
1.Шығарманың  мазмұнын   талдау  әрекеттері  мен  дұрыс,жылдам,әрі   түсініп,әрі  мәнерлеп  оқу  машығын   қалыптастыру  әрекеттері  бірыңғай  процеске  жинақталады(мәтін   мазмұнын  ұқтыруға  бағытталған   тапсырмалар,осымен  бірге  оқу  машығын  жетілдіруге  де  ықпал  етеді).
2.Шығарманың   идеялық-тақырыптық  негіздерін,оның  образдарын,сюжеттік  желісін,композициясы   мен  бейнелеу   тәсілдерін  айқындау  оқушылардың  жалпы  тұлға  ретінде  дамуына  қызмет  етеді,сондай-ақ  шәкірттер  тілінің  жетіле  түсуін  де  қамтамасыз  етеді.
3.Оқушылардың  өмірлік  тәжірибелерге  сүйенуі   шығарма  мазмұнын  саналы  түрде   қабылдау  негізі  және  оны   дұрыс  талдаудың  қажетті  шарты  болып  табылады.
4.Оқу  шәкірттердің  танымдық  қызметін   активтендіру  және  олардың  қоршаған  орта  шындығы  туралы білімдерін  кеңейту  тәсілі  ретінде  қарастырылады.
5.Талдау  ойды,сезімді  оятып,оқығанды  айтып  беру,өз  өмірлік  тәжірибесін  автор  алға  тартқан фактілермен   салыстыру  талабын   тудыруы  тиіс.Оқу  әдістемесі  мәтінмен  және  кітаппен  жұмыс  жүргізу  мәселесінде  өздігінен  әрекет  ету  дағдысын  қалыптастыру  тәсілдеріне  айрықша  көңіл  бөлінеді.
   Мәтін  бойынша  жұмыс  жүргізудің  әдісккерлер  мен  педагогтар  ұсынатын  тәсілдері  әр  түрлі.Біреулері (Е.А.Адамович,В.Г.Горецкий,З.Д.Кочаровская,М.И.Оморокова  және  басқалар)  оқи білуге   үйрету   тәсілдері   мен  жолдарын   арнайы    әзірленген  жаднамалар,жоспар-тапсырмаларды  пайдалану  арқылы   жетілдіруді  жөн  көреді.Мәселен,мәтінді  игеру  үшін  бала  іс-әрекет  жоспарын,жаднаманы  пайдалана  отырып,белгілі  бір  уақыт   ішінде  екі  күрделі  тапсырманы,жаднаманы  аңғарып,түсінуі  және  мәтінді  оқуы  қажет.
           Екіншілері (И.С.Гантя,О.В.Джелелей,Н.Н.Светловская  және  басқалар)балаларды  мәтінмен  жұмыс  істеуге,сөйтіп  жүйе  бойынша  дұрыс  оқырмандық  қызмет  типін  игеруге,яғни  кітаптың  өз  көмегімен  оқуға  үйретеді.
             Жүгіртіп  оқудың  қызықты  бір  әдісін  В.И.Зайцев  жасады.Ол  мәтін  оқу  техникасын  жетілдіру-кішкентай  шәкірттерді  оқытып-үйретудегі  басты  міндеттердің  бірі  деп  санайды.Балаларды  мәтін  оқуға  қалыптастыру  олардың  тұлғалық  қалыптасуына  да  ықпал  етеді.Шәкірттің
оқуға,мектепке,мұғалімге,жолдастырына,сынып  ұжымына,өзіне  деген   қарым-қатынасы  көп  ретте  осы  оқу  машығының   қалай  қалыптасуына  да  байланысты.
Н.НСветловская  пікірі  бойынша   оқырман  бұрын  түсінбей   келген  нәрселерін  кітаптан  түсініп  оқыса  ғана   саналы  түрде  оқу  болып  есептеледі.
             Оқырманның  оқып  үйрену  деңгейін    бағалайтын  көрсеткіш  оның  мынадай  үш  түрлі  сұраққа  жауап  беру  қабілетіне  байланысты  айқындалады:
1.Оқыған  кезде  мен  нені  сезінемін?
2.Мен  неге  өзімді  солай  сезініп,неге  олай  қобалжимын?
3.Шығарманы  дәл  осылай  бағалау  мүмкіндігі   маған  не  береді?
          Түсініп  оқу  дағдысын   және  мәтінмен  өздігінше  жұмыс  жүргізе  білу  қабілетін  арнаулы   жаттығулар  мен  іс-әрекет   тәсілдері  арқылы  қалыптастыруға  болады.
Бұл  оқудың  негізгі  параметрлеріне: техникасына,түсінілуіне,мәнерлігіне  белсенді  түрде  ықпал  ететін  жаттығулар  мен  іс-әрекет  тәсілдері  болып  табылады.
          Зерттелген   әдебиеттер  негізінде  мынадай  жаттығулар  әзірленіп,сынақтан  өткізілді.
1.Сөйлеу  аппаратын,айтылған  сөздің  айқындығын  дамытуға   арналған  жаттығулар(тез  сөйлеу,таза  сөйлеу,буындар мен  сөздерді  оқу,тыныс алу  гимнастикасы,дауысты  мәтін  оқуға  даярлау  және т.б)
Тез  сөйлеу.Ұр,барабан,соқ,барабан!Қаттырақ  соқ,барабан!Тра-та-та!
(Балалар  барабан  ойнағандай  имитация  жасайды)
а)  тез  сөйлеуге  арналған  мәтіндерді  орфографиялық(дұрыс  жазу  ережелеріне  сай)тұрғыдан  оқы;ә)тез  сөйлеуге  арналған  мәтіндерді  орфоэпиялық(әдеби  тілдің  қалыптасқан  нормасына  сай) тұрғыда  оқы.
     Кестелер  бойынша  жұмыс  жүргізу;балалар  тез  сөйлеуге   арналған  мәтіндерді  тапсырмаға  сәйкес  етіп  оқиды.
ақырын
дауыстап
сыбырлап
Дыбыссыз  кино(ішінен  оқиды)

    Көптеген  оқушылар   мәтін  оқу  кезінде  өздерінің  тыныс  алу  жүйесін  реттей  алмайды.Бұл  кемшілікті  түзету  үшін  тыныс  алу  және  дауысты  даярлау  жаттығулары  жасалады.
1.Мұрынмен  демді  ішке  тартып-ауыздан  сыртқа  шығару.
   Ішке  дем  тарту-демді  ұстап  тұру-шығару.
   Ішке  дем  тарту-оны  бөліп-бөліп  шығару.
2.Қызықты  жаттығулар.
-«Гудок  жақындайды  және  алыстайды»:ішке  дем  тартып-оны  сыртқа  шығарғанда: «М-М-М-М-М;Н-Н-Н-Н-Н»  дейміз.

-Велосипедтің  тесілген  шинасынан  шыққан  дыбыс: «С-С-С-С-С».
-«Балауыз  шырақ»:демді   ақырын  ғана  сыртқа  шығарып,сосын  ішке  терең  дем  аламыз,сәл  кідіріп,жаймен   балауыз  шырақ  ретінде  таныған  нәрсенің «жалынына»  қарай  үрлейміз.
-«Балауызды  өшіру»:жиі-жиі  үздік-үздік  дем  шығару,артынша  ішке  дем  тарту,сәл  ғана  кідіріп,қысқа-қысқа  үзіліспен  үш  рет  үрлеу: «ФУ!ФУ!ФУ!»
-«Киімге  су  бүрку»:( бір  жолы  үш,бес  рет  бүрку)  терең  дем  алу  және  киімге  су  бүріккендей  әрекеттер  жасау.
3.Құлағымның  түбінен  шыбын  ұшты: «Ж-Ж-Ж»
   Мұрынымның   ұшына  ара  қонды: «С-С-С»
   Инесі  бар  бір  маса  ызыңдайды  ауада: «З-З-З»
   Маңдайыма  қонуға  келе  жатыр: «З-З-З»
   Қазір  саған  тап  берем,
   Міне,міне,шап  берем...
  «Тұра  тұр  сен,қап,бәлем!»
Тез  жүргізіп  оқу.Тез  оқу  кезінде  мәнерлікке  мән  берудің  қажеті  жоқ.Бір  мезгілде  бірін-бірі  жоққа  шығаратын  екі  бірдей  міндетті  атқаруға  болмайды.Бұл  жаттығу   тек  артикуляциялық  аппаратты  дамытуға  ғана  арналған.Сондықтан  оқудың  мәнерлігіне   байланысты  талап  қойылмайды.Оның  есесіне  сөздердің  аяққы  буындарына  дейін  айқын,анық  шығуына  байланысты  талап  жоғары  болады.Оқушы  оларды  жұтып  қоймауы  керек.Нақпа-нақ  өз  қалпында  айтылуы тиіс.Мәтін  үзіндісін  30 секунд  бойы  тез  оқу  екпінімен  жүргізіп  оқып,соңынан  мұны  мәнерлеп  оқу  ырғағында  қайталайды,сөйтіп  әрі  қарай  мәтіннің  өзге  бөліктеріне  көшеді.
2.Сөз  бен  оның  құрамындағы   бөліктеріне  мән  беру  дағдысын  қалыптастыруға  және  дұрыс   әрі  жылдам  оқу  қабілетін  жетілдіруге  бағытталған  жаттығулар («Бір  қалыпты  оқы», «Кім  мұқиятты», «Сөз  құрамдарын  жинақта», «Сөз  тізбегі», «Шыңға  шығу»).
«Бір  қалыпты  оқы».Балалар  мәтін  оқуды  бастамас  бұрын  мұғалім  шығармадан  неғұрлым  қиын  сөздерді  алып  тақтаға  жазады.Мұндай  сөздерді  оқушылар  баяу   екпінмен  оқиды(бірақ  буындап  емес),мұнан  соң  оларды  ауызекі  тілде  айтылу  екпінімен  оқуы  керек.
«Алтын  сақа»  ертегісі.Балалар  алғашқы  сөйлем  құрамдарын  мейлінше  жылдам  жеткізгенше  қайталап  оқи  береді.Сонан  соң  тағы  1-2 сөз  қосылады.Бұл  да  солай  оқылады.Осылайша  әр  оқыған сайын  басынан  бастап,қайталай  отырып,бүкіл  бір  үзіндіні  жылдам  оқу  деңгейіне   жеткізеді.Мысалы:
Ерте,ерте,ертеде...
Ерте,ерте,ертеде,ешкі  жүні  бөртеде...
Ерте,ерте,ертеде, ешкі  жүні  бөртеде,қырғауылы  қызыл  екен...
Ерте,ерте,ертеде, ешкі  жүні  бөртеде,қырғауылы  қызыл  екен,,құйрық  жүні  ұзын  екен...
3.Оқу  мен  есте  сақтау  ауқымын  дамытуға  бағытталған  жаттығулар(профессор И.Т.Федоренконың  көзбен  көру  арқылы  есте  сақтауға  арналған «Көз фотографиясы», «Артық  әріпті  тап»  деп  аталатын  және  басқа  да  диктанттары).
«Көз  фотосы».Балалар  20  секунд  ішінде  сөздерді  көзбен «суретке  түсіріп», «Осы  сөздердің  арасында  мынадай  сөз  бар  ма?»  деген  сұраққа  жауап  беруі  тиіс.Мәселен:  жаңғақ,бұлақ,қанат,үдеді,тропикалық,таңырқау.
«Сөздердің  соңғы  бөліктерін  орнына  қой».Бұл  үшін  тақтаға  соңғы  бөліктері  қалдырылып  жазылған  сөздерді  жылдам  екпінмен  оқып,әрі сол  оқу  барысында  жазылмай  кеткен  жалғауларды  қосып  айту  керек: Торғ-  бұтақта  отыры-,шырыл-.
4.Дауыстап  және  іштен  оқу  икемділігі  мен  жылдамдығын  дамытуға  арналған  жаттығулар( «Ерін», «Мәре», «Жүгірт. Уақыт», «Дыбысты  бағдар  тұтып  оқу»,бес  минуттық оқу,хормен  оқу  және  т.б)
«Ерін» Лайела Коул «Оқу  машығын  жетілдіру» атты  кітабында  балаларды  дыбыстамай  оқуға  үйрету  тәсілдерін  ұсынады.Сол  тәсілдердің  бірі  - сөйлеу  механизміне  бөгет  қою: «Ерін» жаттығуы  (жұмылған  ерінге    саусақ  қойып  оқиды).
«Мәре»-белгілі  бір  сұраққа, сипаттамаға,ойға  мәтіннен  тиісті  жауап  тапқанша  оқу.
 «Жүгірт. Уақыт».балалар  қолдарын   тізелеріне  қойып, «Жүгірт»деген  команда  бойынша  дауыстап  оқи  бастайды. «Уақыт»  деген  команда  естігенде,балалар  кітаптан  бастарын  көтереді  де,көздерін  жұмып,демалады.Қайтадан «Жүгірт»  деген  команда    бойынша  балалар  оқып  келіп  тоқтаған  жерді  көзбен  тауып  алады  да,одан  ары  қарай  оқи  береді.
«Жасырмақ».Мұғалім  оқулықтан  (кез  келген)  бетін  айтады  да,сол  беттің  қалаған  жерінен  мәтін оқиды.
Балалар  аталған  бетті  ашып,мұғалім  оқып  жатқан  мәтін жолдарын   көзбен тауып  бірге  оқиды.
«Сөзді  тап». Қандай  да  бір  әріптен  басталатын  сөзді  мәтіннен  1 минуттың ішінде  табу.                 
Сабақ  сайынғы  бес  минуттық(«ызың  дыбысты» сөздер  әр  сабақтың  алдында  өтетін  жаттығу.3-4 сыныптарда  бұл 2-3  минутқа  қысқарады.Жаттығудың  тиімділігі  оның  жиілігіне   байланысты.
5.Екі  жақ  бүйірге көз  тастау  және  қарсы  алдына  көз  тігу  қабілеттерін  дамытуға  арналған  жаттығулар.(Шульте  кестесі,Степанищев  кестелері, «Робот», «Сәбіз  отырғызамыз»  жаттығулары және т.б)
Таралатын  материал (1-кесте)-Шульте  кестесі(мөлшері20х20см)

8
20
7
22
16
3
5
12
14
17
9
1
10
24
15
18
6
11
19
13
21
25
23
4
2
Қолдану  алгоритмі:
1)кестеде  ретсіз  берілген 10-нан 25-ке  дейін  сандарды  қарындашпен  не  саусақпен  көрсете  отырып,мүмкіндігінше  тезірек  ретімен  атап  шық;
2)ретімен  келетін  екі-үш  санның  орналасқан  жерлерін  бірден  есте  сақтауға  тырыс.
Есіңде  ұста!Көз  кестенің  ортасына,10-ға  қараса  да,айналасын  түгел  көреді.Яғни  көз  кестені  түгел  көріп  тұрады.
    Мәтін  оқу  техникасын   жақсарту  үшін балалардың  шеткі  аймақтарды  көру  қабілетін(көз  қарашығын  қозғалтпастан  бір  мезгілде   бірнеше  сөзді  көру) жетілдіруге  байланысты жұмыстар  жүргізу  керек.Бұл  орайда  А.Т.Степанищевтің «Жылдам  оқу  мүмкіндіктері»  атты  кітабында  берілген  әріптік,цифрлық  кестелер   жақсы  көмек  бола  алады.Жаттығу  үшін  әр  балаға  мөлшері 7,5х5,5см  келетін  таңбалары   ірі  кестелер  қажет.Мұнымен  қатар  кестелер  кішкене  шаршылардағы  таңбалар  санымен  де  ерекшеленуі  керек.Әуелі  кішкене  шаршыларға  түсірілген  бір  ғана  таңба(әріп  немесе  цифр)  бойынша,сонан соң  екі  таңба (2 әріп)бойынша  жұмыс  жүргізу  ұсынылады.(2-ші  және 3-ші  кестелер).
2-кесте

       
Ш
К
Х
Ч
Б
Ц
О
А
Ж
Х
З
У
Ф
Р
Д
Ф
П
И
Н
Л
М
Г
В
С
Е

ДЕ
ИЛ
ПУ
ТА
МА
АЧ
ИЛ
ТА
АП
ПУ
ЯЧ
СМ
ТИ
БЮ
ВА
ФЫ
ВА
ПР
ОЛ
ДЖ
УК
КЕ
РО
ЛД
ОТ

       Кейінірек  үш  таңбалы  кестелер, сонан  соң  аралас: әріптер  мен  цифрлар  қатар берілген  кестелер  қолданылады.Бұл  кестелер  бойынша  атқарылатын  жұмыстар  былайша  жүргізіледі: орыс тілі  немесе  математика  сабағындағы  ойын  үзіліс кезінде   балалар  орталық  шаршыға  назар  тоқтата  отырып,кестені  санап  шығады.Бұған  90 секунд  уақыт  бөлінеді.санау  жылдамдығы  әр  кімде  әр түрлі:
2 таңбадан  6  таңбаға  дейін.Біртіндеп   кейін  бұл  орташа  3  таңбаға  арттырылады.Бір  кестемен  жүргізілетін  жұмыс  бала  ондағы  таңбаларды  түгел  санап  шығуды  үйренгенше  жүргізіле  береді.
6.Оқушылардың  тіл  дамыту  бағытындағы   жаттығулары(аяқталмаған фразалар,сөйлемдерді  өрістетіп  кеңейту).
      К.Д.Ушинскийдің «Оқуға  арналған  кітабында»  жаттығулардың  мынадай  түрлері  кездеседі:
1.Аяқталмаған  фразалар.Мына  оқушылар  жалғастырып,аяқтауы  керек;
      Қарақат-жидек,ал  қызығылт  сары  саңырауқұлақ?...
      Алтын-қымбат  металл,ал  темір?....
      Білезік - қолдың  буыны,ал  қол?...
      Қой- үй  жануары,ал  түлкі?...

2.Сөйлемдерді  тарату.
К.Д.Ушинский  үлгісі: Жер  жыртты  (кім?).Шаруа  жер  жыртты (қандай  жерді?).Шаруа  егістік  жерді  жыртты  (немен?). Шаруа  егістік  жерді  соқамен  жыртты  (қай  маңда?).Шаруа  бақтың  сыртындағы  егістік  жерді  соқамен  жыртты  (қашан?). Шаруа  бақтың  сыртындағы  егістік  жерді  кеше   соқамен  жыртты  (қалай?)  Шаруа  бақтың  сыртындағы  егістік  жерді  кеше   соқамен   маңдай  терін  сыпырып  жүріп  жыртты.
Мұндай  жаттығуларды  орындау кезінде  қазіргі  заманғы  көріністер  мен  дағдылы  лексикаларға  сүйенген  жөн.
7.Логикалық  ойлау  жүйесін  дамытуға  арналған  жаттығулар.(«Аралас   сөйлемдер», «Жасырынған  сөздер», «Марстық  тіліндегі  сөздерді  аудар»  және т.б)
«Әріптерді  өз  орнына  қой».Орман  ішінде  қарағайға   тқолыдақ   қноып  орыт. Құйрық  қанаты  ашағ  діңніе  жабсықна.Тұмсығымен  тқоыдлатып,ағша  қанбғыаны  қрұт-мырсқақұ  іздійде.(Орман  ішінде  қарағайға  тоқылдақ   қонып  отыр.Құйрық  қанаты  ағаш  діңіне  жабысқан.Тұмсығымен  тоқылдатып,ағаш  қабығынан  құрт-құмырсқа   іздейді.) 
«Марстық  тіліндегі  сөздерді  аудар» :сжолбаыр (жолбарыс),ілп (піл),шіркү(күріш)
Бұдан  кейін  мұндай  жұмыстарды  шағын  мәтіндер   бойынша  жүргізуге  болады:
            Алыбқ уалау.Арлабал  алыбқ  уалауға  ышықт.Манбайа  армқақ лыпа  діжүр.Қырқасйаб  енм  Манжола  уа    лусаға  рот  лдыа.Манбайа  асзна  ұстады.
           Балық  аулау.Балалар  балық  аулауға  шықты.Аманбай  қармақ  алып  жүрді.Қасқырбай  мен  Аманжол  ау  салуға  тор  алды.Аманбай  сазан  ұстады.
   «Аралас   сөйлемдер»
-Бұта  үйде  жапырақтарына  кенеттен  шық  жарық  тұрды  сөніп  қалды.
-Ауыру  ракета  төсектен  біртіндеп  тұрып,көкке  көтеріліп  барып  аяғына  тәпішкесін   киді  де,  жап-жарық  жұлдызшаға  коридорға  айналды  шықты.
-Алтын  тасбақа  жалатқан  көк  шөптің  циферблат  жаймен   жапырағына  қарай  сағат  мойнын  созды  көрсеткішіне  жақындап  келе  жатты.

     Асты  сызылған  әр  түрлі  үш  сөзді   қосып  сөйлем  құрау:
                 Көл  аю   қарындаш
    Асты  сызылған  сөздерді  кері  қарай  оқу  арқылы  мәтінді   түгел  дауыстап  оқып   шық.
                                       Қарға  мен  түлкі.
     Бір  түйір  ірімшікті  тауып  алып,Ағашқа  қарға  қонды  ұшып   пыраб....Тістеген  ірімшігін  түлкі  көріп,аяғын   ептеп  басып  жақын  келіп: «Уһ!-деді,- көретін  де  күн  бар  екен.Жүруші  ем  сырттан  қыса  болып  өліп!...Сені   іздеп  келіп  тұрмын  алыс   жерден,сұлу  деп  мақтаған  соң  әркім  негрөк. «Халық  айтса,қалып  айтпайды»  деген  рас,арман  жоқ   жанда  сені  көріп  өлген!...Нұрыңды  күн  секілді  көріп  тұрмын,шыдамай,бойым  балқып,еріп   нымрұт.  Даусыңды  тым   асамлоб  бір  шығаршы,естуге  құмар  болып  өліп   тұрмын.Мәз  болып,мақтағанға  насаттанып,қайтпасын,деп  ойлады,сағы  пыныс.  Алыстан  арып-ашып  іздеп  келген  байғұстың  кетсін   деді  көңілі  тынып.Өтірік  мақтағанға  қарға  еріп, «Қарқ» етті  пәрменінше  жағын  пірек.Ірімшік «қарқ» еткенде  жерге  түсіп,жеп  алып  түлкі  кетті  жортып –пілеж...(Ахмет  Байтұрсынұлы).
       
                                      Мәтіндегі  мағыналық  қателіктерді  табу.
              Оқушыға  мағыналық  қателіктері  бар  мәтін  ұсынылады.Міндет-оларды тез  тауып,белгілеу.Жаттығу  мәтіннің  мазмұндық  құрылысына  талдау  жасай  білу  қабілетін   дамытуға  бағытталады.Тапсырма: Мәтінді  оқып,үйлеспейтін  сөздерді  табу  және  оларды  түзету.
      Бір  үйде  Мішім  атты  жүні  жылтыраған  мұртты  сиыр  болды.Оны  үй   иелері  өте  жақсы  көретін,қолдарынан   сүлгі  және  нан  беретін.Бірде   Мішім  таза  ауқатпен  тыныстап,гүлге  қыздырыну  үшін  далаға  шыққысы  келді.Сиыр  сенекке  барып,күншуақта  пырылдай  бастап  еді,кенеттен  жылт етіп   ұзын  құйрықты  сұр  картоп  шыға  келді.Мішім  оны  шап  беріп  ұстап   алып,жеп  қойды.Есіктің  алды   көңілді   әуенге  толы  еді:  сыпырғыштар  шырылдап,шалшық   суда  үй  бұзаулары  жүзіп  жүр, ал  шарбақта  қызыл   плакат  қышқырып  шақырып  тұр.Кенет  ит  кеңсесінен  үлкен  қабаған   шошқа  шықты.Ол  сиырды  көрді  де,шабаланып  ұша  бастады.Мішім  зәресі  қалмай  інге  қарай  қаша  жөнелді.
   «Жасырын  сөйлемдер»  Орындау  алгоритмі:
1.Кіл  әріптер  қатарына  зер  салып  қара.Әр  қатарда  жасырынған  бір-бір  мағыналы  сөйлем  бар.
2.Әріп  қатарына   көзді  солдан  оңға  қарай  жүргізіп  қараған   кезде  қандай  да  бір  сөз  табылатын  болса,соны  түсті  қарындашпен  бояп  қой.
3.Табылған    сөздерден   сөйлем  құрала   ма,құралмай  ма,байқап  көр.Бәлкім  сөз  араларында  қандай  да  бір  жалғаулар  жетіспейтін  болар?
-брусаңырауқұлақюжушыршаяриттүбіндеишгирөседікрумс
-юсмеропароходувбананинстиепыхжүзіпқрсбаратрожатыр
-рукрақасқыррфалайғаюрчеқарапжурвұлидыдук
    В.А.Грошенкова   мәтін  оқу  техникасын  жетілдіру  үшін  жеке  тапсырмалар  ұсынады.  Бұл  жаттығуларды  оқушы  берілген   мәтінге  және  орындауға  арналған  әдістемелік  ұсынымдарға  сүйене  отырып  орындайды.
   Оқу  машығын  дамытуды  қамтамасыз  ететін  негізгі  тәсіл  мәтінді  әр  жолы  жаңа  тапсырма  бойынша  бірнеше  рет  қайталап  оқу  болып  табылады.Бұған  мәтінмен  жұмыс  жүргізудің  56  түрін   қамтитын  мұғалім  А.С.Козырева  құрастырған  тәсіл  жақсы  көмек  бере  алады.
     Мұғалім  лирикалық  өлеңдермен,ертегілермен,мысалдармен   жұмыс  жүргізу  процесінің  өзіндік  ерекшеліктерін  білуі,мәтін  мәселелерін  дұрыс  қарастыруы,шығарманы  мәнерлі  түрде  оқи  алуы  тиіс.
   Оқылған  нәрсенің  ұғынылған   әдетте  мәтін  оқудан  кейінгі  әңгімелесу  барысында  тексереміз.Бұл  орайда  берілетін  сұрақтар  қабылдаудың  үш  деңгейін қамтуы  тиіс:
1-    деңгей-нақты  мазмұны.
2-    деңгей-себеп-салдарлы   байланыстарды,персонаждар  әрекетінің  мотивацияларын  түсіну.
3-    деңгей- кейіпкер  тұлғаларға,олардың  әрекетеріне  өзіндік  бағасы.
3-4  сыныптарда  кеңесшілер қызметін,жұп  болып  жұмыс  жүргізу  әдісін  кеңінен  пайдаланамыз.Мұнда  балалар  өз  көршілерінің  жауаптарын  өздігінше  бағалайды.Егер  бірінші  вариант  үзінді  оқыса,екінші  вариант  жай  тыңдап  қана  қоймайды,сонымен  бірге  оны  қайталап  айтып  береді.Бұл  орайда мәтін  мазмұны егжей-тегжейлі  де,қысқаша  да,іріктеліп  те,творчествалық  қосымшалармен  де  айтылуы    мүмкін.Бұл  мұғалімнің  қоятын  талаптарына  байланысты  болады.
    Оқушылардың  мәтін  оқу  машығын  қалыптастыру  жөніндегі  қызметті  активтендіру  түрлерінің  бірі  жарыс  болып  табылады. «Көңілді  жұлдыз  құрт»  жарысы  сыныпта  өтеді.Ол  оқып  үйрену  әрекетін  ойын  түрінде    жүргізе  отырып,мәтін  оқуға  деген  ынтаны  күшейте  түседі. Бұл  ойын  былайша  өткізіледі:оқушы  көркем  мәтіннің 10 бетін  өздігінше  оқиды  да (ойын  шарттары  әр  сыныпта  өз  алдына  белгіленеді),түрлі-түсті қағаздан  дөңгелек  қияды  немесе  диаметрі 5-10см  қағаздың  бір  бетін  бояйды.Мұнан  соң  оқылған  кітапшадағы  басты  тұлғаны  немесе  негізгі  іс-әрекеттерді  бейнелейді.Қағаздың  бояулы  бетіне  кітапшаның  атын,авторының  фамилиясын  жазып,жұлдызқұрттың  басына  іліп  бекітеді.Оқушы  келесі 10  бетті  оқыған  соң  бірінші  дөңгелегіне  екінші  дөңгелекті  апарып  қосады  және т.с.с.Осылайша  жұлдыз  құртын еске  салатын  тізбекше пайда  болады.Оқушы  оқыған  кітаптар  көбейген  сайын  жұлдыз   құртта  ұзара  түседі. Осыған  ұқсас «Оқырман  күнделігі» атты  конкурс  та  өткізіліп  тұрады.Конкурс  қорытындысында  жеңімпаздар «Жыл  оқырманы»  деген  медальмен  наградталады.     
         Балаларды  оқытып  үйретуде  ата-аналардың   көмегі  өте  маңызды.Сондықтан,ата-аналар  жиналыстарында  әрбір  отбасы  иелеріне   оқу  баланың  күнделікті  дағды,әдетіне  айналуы тиіс  екенін   ескертіп  отырамыз.Мүмкін  болғанынша  бұған  көздерін  жеткізуге  тырысамыз.Бұл  орайда  әсіресе  мәтін  оқып  үйренудің  алғашқы  кезеңінде  оны  тыңдайтындар  қатары  болуы  қажет.Оған  ата-аналардың  өздері  бас  болғаны  жөн.Әңгіменің,үзіндінің  мазмұнына  қызығушылық  білдіріп,баланы  мейірімділікпен,кешірімділікпен,төзімділікпен  тыңдай  білуі  керек.Бұл  жерде  балалар   мен  ата-аналарға  арналған  жаднаманың  көп  көмегі  бар.
Балалар  мен  ата-аналарға  арналған  жаднама
 Дұрыс  оқып  үйрен
1.Көздің  жазу  қатары  бойынша  қозғалуын  қадағала.
2.Егер  түсінген  болсаң,оқыған  сөзіңе  қайта  оралмауға  тырыс.
3.Оқыған  кезде  әрбір  сөзге  мұқият  бол.
4.Не  туралы  оқып  отырғаныңды  түсінуге  тырыс.
5.Күнделікті  дауыстап  та,ішіңнен  де оқи  бер.
Ата-аналарға  арналған  ұсынымдар
    Құрметті  ата-аналар,белгілі  педагог В.А.Сухомлинский  былай  деп  жазған: «Мәтін  оқу-балалардың  әлемді  және өзін-өзі  көріп,танитын  терезесі.Бұл  терезе  ашылу  үшін  бала  алғаш  кітап  бетін  ашпай  тұрып  оның  сөздермен  танысуына  байланысты  табанды  түрде  жұмыс  жүргізілуі  қажет».
    Тек  мектеп  пен отбасының  бірлескен  еңбегі  арқасында  ғана  баланың  кітапты  сүюіне  қол  жеткізуге болады.Кітап  оқуды  оның  мұқабасынан,титул  парағынан  бастау  керек.
      Сіздің  үй-ішілік  кітапханаңыз  жолдастарыңызбен    кітап  алмасуға  мүмкіндік  береді.Бұл  кітап  оқуға  деген  қызығушылықты  арттыра  түседі.

1-жаднама.Ата-аналарға  арналған.
1.Баламен  бірге  күніне 10-15 минуттан  дауыстап  оқыңыз.
2.Мәтін  оқудан  бұрын  бөлмені  желдетіп,үстел  үстінен  назар  аудартатын  артық-ауыс  заттарды  алып  тастаңыз.
3.Егер  бала  шаршаса,дене  шынықтыру  минутын  жасатыңыз.
4.Баланы  оқығаны   үшін  мақтап  қойыңыз.
2-жаданама.Балаларға  арналған
1.Дауыстап  дұрыс  оқы,әр  буынға,әр  сөзге  назар  аударып  отыр.
2.Дауыстап  мәнерлі  түрде  оқы,дұрыс  ырғақты  ұста,дауыстың  жоғары-төменгі  қалпы  мен  күшін  ауыстырып  отыр,интонацияны  тыныс  белгілерімен  үйлестіре  біл,паузалар  жаса.
3.Дауыстап  жүгірте  оқы,бірінші  буынды  айтқанда,екінші  буынға  қара.
3-жаднама.Балаларға  арналған
1.Ішіңнен  тиісті  жылдамдықта(дауыстап  оқығаннан гөрі  жылдамырақ)дұрыс,  түсініп  оқы.
2.Оқуға  жеңіл  тұстарын  жылдамдатып  оқы.
3.Кідірістеуге  мәжбүр  болатын   әрі  түсінуге  қиын  тұстарды  жаймен  және бірнеше  рет  қайталап  оқы.
4-жаднама.Балалар  мен  ата-аналарға  арналған
1.Жаңа  кітаппен  танысар  алдында  оның  мұқабасына  қараңыздар,авторының  фамилиясын,кітаптың  атын  оқыңыздар.
2.Кітапты  парақтай  отырып,иллюстрацияларын мұқият  қарап  шығыңыздар.
3.Иллюстрациялар  бойынша  кітаптың  болжалды  мазмұнын  анықтаңыздар.
4.Кітапты  беттері,тараулары  бойынша  ретімен  оқыңыздар.
5-жаднама.Ата-аналарға  арналған
1.Кітапты  оқуға  дейін  немесе  оқу  үстінде  түсінуге  қиын  не  таныс  емес  сөздердің  мәнін  анықтап  отырыңыз.
2.Баладан  кітап  несімен   ұнағанын,одан  нендей  жаңа  нәрселерді білгенін  сұраңыз.
3.Баладан  басты  кейіпкер  туралы,кітапта  өрістейтін  оқиғалар  туралы  сұраңыз.
4.Оның  есінде  қандай  сөздер  немесе  сөз тіркестері  қалған  екен?
5.Бұл  кітап  не  нәрсеге  үйретеді?
6.Балаға  кітаптың  ең  қызық  жерін  бейнелейтін  сурет   салу  туралы  немесе  оны жаттап  алу  жөнінде   ұсыныс  жасаңыз.
           Ата-аналар  үшін  ашық  сабақтар  өткізу   де жақсы  көмектеседі.Көп  кісілер  мұндай  практикалық  сабақтарға  риза  болады.Олардың  көпшілігі-ақ  бұған  дейін  өз  балаларына  дұрыс  қарым-қатынаста  болмағанын,орынсыз  талаптар  қойып  келгенін  мойындайды.Бірінші  сыныптан  бастап  біз  әрбір  тоқсан  қорытындысы  бойынша  оқу  техникасын  есепке  алуға  байланысты кесте  жүргіземіз.Онда  оңды  не  теріс динамика  барысы  көрініс  тауып  отырады.Бұл  шәкірттердің  оқу  техникасындағы  проблемаларды  дер  кезінде  анықтап,оларды  ретке  келтіруге  байланысты  жұмыстарды  уақытылы  жоспарлауға    мүмкіндік  береді.
       Оқу  машығын  қалыптастыру   жөніндегі  жұмыстар  барысында  балалар  мен  ата-аналарды  көздің  гигиенасы  ережелерін  сақтап,көзге  арналған  жаттығулар  жасауды  ұсынамыз.Оларды  күн  сайын  шамамен  10  минуттай  уақыт  ішінде  орындап  отыру  керек.
1.Көзді  қатты  жұмып,сосын  кеңінен  ашыңыз.Мұны  30 секунд  үзіліспен 5-6 рет  қайталаңыз.
2.Басты  қимылдатпай  жоғары,төмен,оңға,солға  қараңыз.
3.Көзді  шеңбер  бойынша  айналдырыңыз:жоғары,оңға,төмен,солға,мұнан  соң  кері  қарай.
2-3жаттығуларды  көзді  ашып  тұрып  та,жұмып  тұрып  та жасаған  жөн.Бұл  жаттығулардың әрқайсысын  отырған  қалыпта 1-2 минут  үзіліспен  3-4 реттен  қайталайды.
4.Отырып  орындалады.1-2 минут бойына  кірпікті  жылдам  қағу(көзді  ашып-жұму)керек.Бұл  жаттығу  қан  айналымын  жақсартады.
5.Түрегеліп  тұрып  орындалады.2-3  секунд  тіке  алға  қараңыз.Сосын  саусағыңызды  көзден 25-30 см  қашықтыққа  қойып,назарыңызды  оның  ұшына  аударасыз  да, 3-5 секунд  қарап  тұрасыз.Қолды  түсіресіз.Осылайша 10-12 рет  қайталау  керек.Бұл  жаттығу  көздің  шаршауын  басып,жақыннан  жұмыс   жүргізу  қызметін  жеңілдетеді. Көзілдірік  тағатындар   жаттығу  жасағанда  оны  көзден   алмай  жасайды.
6.Отырып  орындалады.Қабақты  жауып,оған  саусақты  айналдыра  қозғалту  арқылы 1 минут  бойы  массаж  жасау.Бұл  жаттығу  көз  бұлшық  еттерінің  ширығуын  басып,қан  айналымын  жақсартады.
Көз  гигиенасының  бес  алтын  ережесі
1-ереже.Мүмкіндігінше  теледидарды  сирек  көру  керек.
2-ереже.Ешқашан 30 минуттан  артық  үзіліссіз  оқуға  болмайды.Міндетті  түрде  тұрып,бой  сергітіп содан  соң  ғана  оқуды  ары  қарай  жалғастыру  керек.
3-ереже. Ешқашан  жатқан  күйде  және  өзге  де  қалыпсыз  жағдайларда:жарық  нашар  болғанда,транспортты  кетіп  бара  жатқанда және т.б  кездерде  оқуға  болмайды.Есте  болсын:мәтін  мен  көздің  қажетті  арақашықтығы  қашанда  - 33  сантиметр.
4-ереже.Организмді  жалпы  нығайтып,функциялық  қызметтерін  дамыту  үшін  динамикалық,физикалық  жүктемелер  мүмкіндігінше  мол  болу  керек.Көз  үшін  спорттың перифериялық  көру  қабілетін  жетілдіретін  ойын  түрлері:футбол,хоккей,баскетбол,волейбол,теннис  және т.б  тиімді.
5-ереже.Көру  қабілетін  жаттығулар  арқылы үнемі тексеріп,нығайтып  отыру  керек.Жылына  бір  рет  дәрігерге  барып,көзді  тексертіп  тұрған  жөн.

      Жоғарыда  айтылған  әдіс-тәсілдер   материалдың  жылдам  әрі  саналы  түрде  игерілуіне  жол  ашады.Егер  оқылған  мәтін  түсінілсе,оқу  жаттығуларының  әр  қилы  түрлері  жүйелі  жүргізіліп,ол  ең  қарапайымнан  күрделіге  қарай  біртіндеп  көшер  болса және  балалардың  өзіндік ерекшеліктері  ескеріліп  отырса  оқу  машығын  жетілдіру  жұмыстары,шын   мәнінде,ойдағыдай  нәтиже  бермек.   
















Комментариев нет:

Отправить комментарий

Это интересно!

«Каждой пичужке наша кормушка» Экологическая акция в начальной школе женской гимназии Одним из направлений воспитательной работы...