воскресенье, 7 апреля 2019 г.


Қош келдіңӘз Наурыз!
Бастауыш сынып мұғалімі
Калимбетова Г.А.
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі
Наурыз мейрамы ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз мейрамы 22 наурыз күні аталып өтіледі. Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Дәстүрлі қазақ қоғамында Халық таза, жаңа киімдерін киіп бір–бірімен қол алысып, амандасып төс қағыстырып жақсы тілектер айтылады.
20 наурыз күні Теміртау қаласының әйелдер гимназиясында 2В сынып және 1В сынып оқушыларымен және ата-аналарымен бірігіп  «Қош келдің – Әз Наурыз!» атты мерекелік іс – шара ұйымдастырылып өткізілді. Ата-аналар да бір-бірімен көрісіп, жақсы тілекте айтылды. Мерекеге арнап ата-аналар дастархан жайып,  жеті түрлі дәннен наурыз көже дайындады.  Осы күні оқушылар мен ата-аналар мерекенің жоғары деңгейде өтуіне ат салысты. Оқушылар ән салып, би биледі, өлең шумақтарын оқыды. 2 В сыныбы мен 1 В сынып ата-аналарымен және оқушылардың арасында ұлттық ойындар «Арқан тарту», «Қыз қуу», ойнатылды. Ынтымағы жарасқан екі сынып ата-аналарының ауыз біршілігі ажырамасын. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Әрбір шаңыраққа қыдыр дарып бақ қонсын!  Ұлыстың ұлы күні құтты болсын !



 

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Это интересно!

«Каждой пичужке наша кормушка» Экологическая акция в начальной школе женской гимназии Одним из направлений воспитательной работы...