пятница, 5 апреля 2019 г.


«Теміртау қаласы әйелдер гимназиясы»
Бастауыш сынып жетекшісі:Садуахасова Ф.Т.

Тақырыбы: «Қош келдің – Әз Наурыз!»
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар жөнінде түсініктерін тереңдете түсу, Наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, халқымыздың салтын ұмытпай жалғастыруға баулу.
Көрнекілігі: қызғалдақтар, шарлар. Нақыл сөздер. Аудио, бейне таспалар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
Гульзияш:
Наурыз келді !
Барлығы жарасады,
Наурыз  тойын  жатыр мектеп жасағалы.
Келсап  ұстап  аналар  зыр жүгірсін,
Ақыл айтсын  бәйбіше  асабалы.
Алпыс  төлдің  анасы  шашу шашып,
Аластасын  пәледен  босағаны!
Лариса: Ұлт  ұстазы Ахмет Байтұрсынов Наурыз  халқында  былай  деп жазады: «Наурыз- қазақша жыл басы.    Бұрынғы   кезде  әр елде  наурыз туғанда  мейрам  қылып , бас  асып, қазан- қазан  көже істеп,  ауылдан ауылға , үйден үйге  жүгіріп,  кәрі- жас, бала- шаға  бәрі мәз  болушы еді..»
Ән: «Наурыз көктем» орындайтын 1 В сынып оқушысы Нұрлыбекова Аймереке.
Гульзияш:
Ал, Міржақып  Дулатовтың  айтуынша: «Мұсылман  жұртында  жылына  екі рет   келетін  құрбан айт  пен  ораза   айтты  есепке  алмағанда , бізде  жалғыз  мейрам  бар. Ол- Наурыз» деген.  
Лариса: Қарақазан- қасиетті  халқымның,
Бір өзіңде   құдіретті  салтымның.
Бірлік  сенен  басталады  әрқашан,
Құны  ешқашан  төмендемес  нарқыңның.
Ортаға  1 «В» сынып оқушыларын шақырамыз. Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарын айтып береміз деп тұр.
Гүлайым:Жыл басы Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды!
Нұрайым:Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.
Аймереке:Елім менен жеріме,
Ырысын шашқан Наурыз.
Күлімдеген көктемге,
Шуағын шашқан наурыз.
Жеті түрлі дән салып,
Дәм татқызған наурыз.
Жақсылық тілеп халыққа,
Молшылық әкелсін наурыз.
Жания:Уа, ағайын халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Наурыз тойы бастайық!
Лариса:Наурыз айы келгенде,
Күн шуағы шашылып.
Жылғалардан су ағып,
Ақ әжелер құлпырып.
Наурыз көже пісіріп,
Қонақтарға тартамыз.
Аяжан:Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.
Инкар:Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қауышты.
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты
Айзере:Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.
Айтолқын:Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.
Дильназ:Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Гүлсім:Наурыз келді сан құрып
Жасарып жаңғырып
Құлпырды жер мен көк
Мейрім таң күліп.
Сезім:Наурыз тойы — салтанат,
Наурыз тойы — мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Ақназ:Ақ қар кетіп қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп.
Шаруаның ұлы кенелген.
Күн мейрамы ежелден –
Құтты болсың бұл Наурыз!
Каусар:Наурыз – бұл мереке
Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін
Жақсы тілек әкелсін.
Аида:Наурыз көктем, наурыз жыр,
Ана мейрім, шуақ нұр.
Жан иесін жаңартқан,
Аққан бұлақ, нәзік сыр.
Анель:Наурыз жауын, наурыз сән,
Әсем әуен, сазды ән.
Қыз бозбала қыдырған,
Жаcыл желек, көк аспан.
Жасмин:Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай,
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық!
Толғанай:Той думанға келіңіз,
Тамашалап көріңіз,
Ән айтайық бәріміз,
Қол соғайық бәріміз!
Гүлдана:Наурыз тойы - елдің тойы,
Көктем тойы - төлдің тойы.
Ән айтатын күні бойы
Жақсы көрем Наурыз тойын!
Әнел:Наурыз келді - жыл келді
Тірілтуге гүлдерді.
Сәнденеді аналар
Сәбилермен бірге енді.
Гульзияш:
Әр жыл сайын құт  наурыз  кезегі,
Қазан-  қазан  қазақ  жасар көжені.
Бала- шаға, үлкен- кіші деместен,
Бір тамаша  қуанышты  сезеді.
Би: 2 «В» сынып оқушысы Баймуратова Арайлымның орындауында «Қамажай» биін тамашалаңыздар.
Лариса: Ұлыс  күні  қазан   толса,
Ол  жылы  ақ мол  болар.
Ұлы  кісіден  бата  алсаң,
Сонда  олжалы  жол болар !
Ән: «Домбырасыз сән қайда?» 1-сынып оқушысы Досбол Толғанайдың  орындауында  тамашалаңыздар.
Гульзияш:  Күн сәулесі Жер шарының  шығыс  бөлігінен  таңғы   сағат 6-да  себездеп  атқан кезде,  біздің  елімізде  бұл сәт  түнгі  сағат 3-ке  тұспа- тұс келеді.  Сондықтан  да қазақ  халқы  жаңа жылды 22  наурыз  күнгі  таңғы сағат 3- те қарсы  алатын болған.  Дәл осы   сәттен  бастап,  даланы,   ауылдарды , қалаларды  Қызыр  баба  аралаған. Сол  күні Самарқанның  көк  тасы еріген.
Келесі кезекті 2-сынып оқушыларының жыр шумақтарына береміз.
Арайлым: Наурыз жылы, жыл басы
 Наурыз көже ел асы
Наурызда бас қосуды
Тілеу керек осыны
Наурыз бақыт, жаңа күн
Көже ішіп қалатын
Наурызда бас қосуды
Тілеу керек осыны
Наурызда шашу шашылды
 Ақ кебеже ашылды
Тәтті наурыз көжеге
Тары, уыз қосылды.
Ақмаржан: Наурыз келді - жыл келді
Тірілтуге гүлдерді.
Сәнденеді аналар
Сәбилермен бірге енді.
Наурыз келді, нұр келді,
Түгел аймақ түрленді.
Барша, барлық ағайын,
Тойға әзір боп үлгерді.
Ажар: Наурыз тойы - елдің тойы,
 Көктем тойы - төлдің тойы.
Ән айтатын күні бойы
Жақсы көрем Наурыз тойын!
Анеля: Алақай-ау, алақай!
Наурыз келді, балақай!
Халық тойды тойлайды,
Әсем әнге салады-ай!
Нұрай: Наурыз самал, наурыз таң,
Қалың орман ұйқысынан оянған.
Сағынышпен қауыштырған жұптарды,
 Жылдың басы, он екі айда тоғысқан.
Әсел:
Наурыз әлем, наурыз құс,
 Сұлу дала, сағым түз.
Самғай ұшқан қарылғаш,
 Аққу қаздар мамық төс.
Наурыз дала, наурыз гүл,
Тентек сезім, үнсіз тіл.
Диана: Наурыз – бұл мереке!
Құтты болсын береке!
Қыдыр ата келсін,
Жақсы тілек әкелсін.
Асем: Ақ қар кетіп қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп.
Шаруаның ұлы кенелген.
Күн мейрамы ежелден –
 Құтты болсың бұл Наурыз!
Айғаным: Наурыз тойы тамаша,
Қарсы алайық жаңаша.
Шат - күлкімен қуаныш
Еліме сыйлар жұбаныш.
Бүршік жарып ағаштар
Асық ойнап балалар.
Наурызды жүр қарсы алып
Жасы үлкен аталар.
Анель: Ерітіп қарын даланың,
 Жинатып гүлін саланың. 
Жетелеп жұмсақ самалын, 
Келді Наурыз – жыл басы. 
Күлімдеп қарап күміс күн, 
Аспаның бүркіп пүліш түн. 
Ұлы күні Ұлыстың, 
Келді Наурыз – жыл басы!
Ақниет:
Ұлыстың қадам басып ұлы күні,
Үйдің де көктей жаздап тұр уығы.
Көңіл де наурызбенен шешек атсын,
Жүректің сарқылмасын жылылығы.
Анель: Саф тыйылып Сарыарқаның бораны,
Күн өрлейді күмбезінен жоғары.
Наурыздың жиырма екісі толғанда,
Тоғысады тоғыз жолдың торабы…
Жайна: Жат боп бұрын бастары ешбір қосылмай,
Жүрген жандар таныс тапса – досындай.
Ол – осынау Наурыздың арқасы! –
«Ұлыс күннің» шапағаты осындай!
Айдана: Наурыз менің елімнің берекесі,
Жаңа жылы қазақтың мерекесі.
Шаңырағы биіктеп күнге жақын,
Ұлаңғайыр керілсін керегесі.
Жасмин: Қымбат білген адамға сөз өнері,
Бұрқ-сарқ етіп қайнасын көжелері.
Жаңа жылда елімнің көркі өсіп,
Гүлге толсын көгеріп көшелері.
Гульзияш: Шат күлкіге шомылып замандары,
Бақыт кешсін ғайыптан адамдары.
Әрбір жанның арманы орындалып,
Сәтті болсын биылғы қадамдары.
Раушан: Құлпырады сәнді бақтар,
Жұлқынады арғымақтар.
Сылқылдайды бал бұлақтар,
Мерекемсің мәңгі мақтар,
Наурызым!

Лариса: Бәрекелді !
Ендеше,  Қызыр  баба қайда екен?
Ат- көлігі  сай ма екен?
Бізді көріп  жүр ме  екен,
Бата  беріп  тұр ма  екен ?
Осында отырған үлкендерден бата сұрайық.
Гульзияш:  Ұлттық  ойындар  адамның  ұзақ  жылғы  еңбегінің  жемісі, ой  құбылысының  көрінісі. Наурыз тойда ұлттық ойындар  ойналған.  Қазақ ұлты ,негізінен  ұрпақ  қамын  басты  мақсат  етіп  қойып,  балалардың  нағыз  азамат  болып  қалыптасуына  аса  зор  мән  берген.  Бала  тәрбиеснің  басты  құралы  ретінде  ұлттық  ойынды  орайластырып,  дамы-тып отырған. 
«Теңге ілу» ойынын заманауи үлгіде ойнауды ұсынғым келіп отыр.
Лариса: «Нұрлы көктем»  2 «В» сынып оқушыларының орындауында қабыл алыңыздар.
Гульзияш: «Хош келдің, Әз Наурыз!»   1 «В» сынып оқушыларының орындауында қабыл алыңыздар.
Лариса: Келесі ұлттық ойынымыз, «Арқан тарту». Бұл ойынды 1 «В» және 2 «В» сыныбының ата-аналары мен оқушыларының арасында өткізіп көрейік.
Гульзияш:
 «Наурыз  тойының» басты  мақсаты- халыққа  молшылық,  тоқшылық  тілеу. Сол үшін  наурыз  көже  беретін  үйлер қазан- қазан көже  жасайды.  Наурыз көжеге  бидай,  тары, қамыр, ет, тұз, сүт,  суы бар  жеті  дәмнен  құралу керек. 
Наурыз көжеден дәм татыңыздар !  Ұлыс  оң болсын, бәле- жала  жерге  енсін,  ақ мол болсын, ел тоқ болсын!
Лариса: Ән: «Көңілді күн»  орындайтын 2 «В» сынып оқушысы Куптилеуова Гульзияш.
Ән: «Ерке қыз» »  орындайтын 2 «В» сынып оқушысы Баймуратова Арайлым.
Гульзияш: Осымен біздің бүгінгі «Қош келдің – әз Наурыз!»  атты мерекелік іс-шарамыз аяқталды.
Лариса: Қош сау болыңыздар !


Комментариев нет:

Отправить комментарий

Это интересно!

«Каждой пичужке наша кормушка» Экологическая акция в начальной школе женской гимназии Одним из направлений воспитательной работы...