понедельник, 19 февраля 2018 г.


Бірінші қыркүйек – білім күні.
Оқу - білім жөніндегі нақыл сөздерді біліп алыңдар.
Терлемеген – терең білмес. Мен білмеймін деме, уйренейін де. Оқыған ұл атасынан  да улкен. Пірің көп болғанша, білімің көп болсын. Білім – елге, Су – жерге. Оқыған опық жемейді. Кітап оқыған - қиядан көрер. Білімнен  безген - бүлінер. Қазынаны тереңнен табарсың, білімді кітаптан аларсың. Білімі жоқтың таңы да тас қараңғы түндей. Білімдінің  сөзі  оң, білімсіздің сөзі тоң. Білім еңбекпен ғана кемелденеді. Білім - ағашы, Еңбек - алмасы. Ақылдының қазынасы - білімі. Күш - білімде, білім - кітапта. Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ. Білімнің басы - бейнет, соңы - зейнет. Аға еңбекпен көркем, бала біліммен көркем.

                Қазақ  тілі - Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік тілі.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол өзінің сан ғасырлық дамуы  барысында рулық тіл дәуірін де, тайпалық тіл дәуірін де, халықтық тіл дәуірін де басынан кешірді.Осы замандар бойында қазақ халқының күнделікті пікір алысуы қажетін өтеп отырумен қатар, рухани байлығы – ауыз әдебиетін атадан балаға мұра етіп сақтап келді.
           Жазуға байланысты қазақ тілі сұрыпталып, жалпыға ортақ әдеби тіл қалыптасты. Қазіргі қазақ тілі - өркендеген мәдениеттің тілі, публицистика. Ресми іс қағаздарының тілі болып, стиль жағынан жан-жақты сараланды.Қазіргі қазақ тілі – сөздік жағынан мейілінше байыған, грамматикалық құрылысы барынша дамыған оралымды тіл. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе (статус) алды. Ол енді толық мағынасында республикада білім, ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр.
         Қазақ тілі - түркі тілдері тобына жатады. Түркі тілдері тобына қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, түркімен, әзербайжан, түрік, татар, башқұрт, тува, хакас, якут, т.б. халық тілдері кіреді.
        Бұл тілдердің ішінде қазақ тіліне ең жақындары ноғай (Кавказда) , қарақалпақ, татар, башқұрт, қарашай - балқар тілдері.
       Қазақ тілі – Қазақстанда ғана емес, басқа да елдерде (Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, т.б.), шетелдерде (Монғолия, Қытай, Ауғанстан, Иран, Түркия, т.б.) тұратын қазақтардың да ана тілі.
                




Фонетика және орфоэпия.
1-жаттығу.Төмендегі аты-жөні атауларын алфавит ретімен көшіріңдер.
Әбішов, Әлімжанов, Абатов, Даулетов, Шерниязов, Гиасаров, Исаев, Қасенов,  Рысбеков, Асанбеков, Шаханов, Пердебаев, Көшеров, Быраев, Ұланов, Юрченко, Мақанов, Ілиясов, Жанболатов, Қадірбеков, Кеңесов, Елесов, Нұрлыханов, Отарбаев, Өрісбеков, Федосов, Хамитов, Ғалымов, Тұрланов, Жақсылықов.
2-жаттығу.Төмендегі сөздердің мағыналарын анықтап, алфавит ретімен көрсетіңдер.
  Қар, қайшы, пышық, көйлек, көз, жастық, тас, көзілдірік, ұшқыш, үккіш,көгілдір, билет, силық, боза, елек, ірімшік, қауын, құжат, түйме, зауыт, алқа, жүрек, тәрбие, саусақ, тәлімгер, нөсер, сусын, жаңылтпаш,алданыш, қамыс, нөкер, күз, қаһарман, сәбіз, қазан, табақ,ошақ, ракета, лашын, олжа, әтеш, ұршық, хикая, әтеш, үрей, тарақ.
3-жаттығу. Қазақ тіліне тән дыбыстарды тауып, астын сыз.
1. Әкесінің рұқсаты бола тұра, Гүлнәр Байжанды үйіне түсірмеді. (С.Мұқанов).
2. Таудан соққан салқын ызғар, қатал мінездердің ызғары тәрізді. Ызылдаған суық лептің қарсысына ана жыры, мейір-шапқат жыры үн қосады (М.Әуезов). 3. Жаялықша жалпиған, жарқанатша қалқиған, жермен-жексен шым қора, бейнеуі жоқ сұм қора (Ж.Аймауытов).4. Шаруасына жинақты кісілер жаз күні  азық-түлігін  даярлап  қояды. Адам да жасында өнер-білім, жақсы мінездерді бойына жинау тиіс. Мұңсыз қартайған шағында рақат тіршілік ете алмайды (М.Дулатов).

4-жаттығу. Сөздерді дұрыс оқып, жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді бір бөлек көшіріңдер.
Қайық, еден, теңіз, мәзір, ілгіш, айна, дауыс, мұғалім, туыс, өткір, кеме, ағаш, үшкір, тарихи, кесене, тұзақ, қазақ, кітап, мұғалім, қасқыр, тамаша, тілмаш, қобыз, перде.
5-жаттығу. Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі дыбыстардың тиістісін қойып көшіріңдер.Сөз мағынасын түсіндіріңдер.
(а, ә, е ) жұп с..н, тақ с..н, с...нқой, м...нді өмір, с...л ертерек, сол с...т, т...ң атты, к...ш батты,т...к сенімен.
(о,т,ө)  т...р құру, т...р жаққа отыру, осы жерде т...с, т...с сүйек, ...рік тердім, с...йлей бер, т...қ етерін айт.
(ы,і) жастыққа жұқа матадан т...с керек, т...с батыру, с...н айтпа, ш...ң басына шықты, т...л ал балам.
(ұ,ү) егілген ағаш б...ршік жарды, атыңды оңға қарай б...р, түс көрдім, т...зде аң көп, т...зақ құру.                                                                                                                        
6-жаттығу. Қысаң дауысты дыбысы бар сөздерді бір бөлек, ашық дауысты дыбыстарды бір бөлек көшіріңдер, дауысты дыбыстар араласып келген сөздерді өз алдына жаз.

Күн, ораң, қызыл, жарыс, еңбегі, Ақтөбе, өсімдік, ферма, сән, бәкі, жез, мыс, қонақ, ыдыс, өзендер, күнде, күндегі, қысқа, жиналыс, артель, құндыз, кабинет, тасу, инелік, кіріс, семья, түйме, музей, қайрат, өркеш, аққу, балапан, ізгілік, өмірбаян, қазір, мұғалім, бастау,толғау, түйін, әйгілі.

7-жаттығу.Әңгімені оқып шығып, мазмұнын айтып беріңдер.
                   Жәндіктер қысқа қалай қамданады.
Қыр хайуандары қыс таянғанын сезеді де, ерте бастан қам қылады. Кірпі мен тышқан інге кіріп, қыс қатып жатады. Кірпі жапырақ жинап соған оранады. Тышқан қу шөпке оранып, құнысады.
  Тиын ағаштың қуысына тығылады. Ол күздің қара басынан ағаштың бүршігін, жаңғағын, саңырауқұлақты жинап алады. Қыстың қүні соларын жейді де, ұйқтайды. Жарқанат баспаналы жерге кіріп, тырнағымен бірдеңеге жабысып, басын салбыратып жаз шыққанша ұйқымен болады.
      Жылан, шаян, кесіртке, бақалар тас астына, ағаш түбіне, жылы жерге кіріп жазға дейін қатады. Қоңыз, құрт, сүліктер де сондай бірдеңе, қылады.
      Балықтар ғана тереңде, су түбінде қыстайды.
     Қайта қоян бәлекет қыстай ақ қарға алас ұрып, жүгіріп тамақ іздеп жүргені. Шөп аршып жей ме? Ағаштың қабығын кеміре ме, қырманның тұқымын тере ме, әйтеуір, дамылы жоқ. Адам қамын жемесе, үй хайуанаттарына да қыс бапты тимейді. Жыл шыққан малдың түрі қандай? Байғұстарға жылы қора, ен тамақ болар ма еді!

                                              (Ж.Аймауытов «Жәндіктер қысқа қалай қамданады»)

8-жаттығу.Мәтінді оқып шығып, өз сөздеріңмен айтып беріңдер.Жуан дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
        
     Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.

  9-жаттығу.Дауысты дыбыстар болып жіктеліп, бірнеше топқа бөлінетіндегі жайлы схема сызып, мысалдар келтіріңдер.

10-жаттығу.Тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай дауыстылардың жіктелуін жинақтап, кесте арқылы көрсет.

11-жаттығу. Оқып шығып а, ә қай буында қолданылып тұрғанын айтыңдар. Жазылуы а ал айтылуы ә әрпімен айтылған сөздерге назар аударыңдар.
    Кешкі жұмыстан шаршап қайтқан жігіттер шәйлерін шала-пұла ішті де, жаюлы төсекке қисая кетті.(Ә.С) Жөнелдім жауды қуып содан былай. Ел халқы жаяу-жалпы шулай-шулай.(И.Б.) Жауынгер үшін заң сол: ең бері тұрған қауіппен есептесесің, оның ар жағында ылғи үміт дүниесі жатады. (Ғ.Мүсірепов)

12-жаттығу.Төмендегі жаңылтпашты оқып шығып, сөз құрамындағы дауыстылардың қайсысы ашық ,қайсысы қысаң екенін айтып беріңдер.
         
Жаңылтпаш.    
          Екеуінін жасы шамалас,
Бірінің шашы - қарашаш, 
Бірінің шашы - ақ шаш аралас.

13-жаттығу.Жұмбақтарды оқып шығып, сөз құрамындағы дауыстылардың қайсысы еріндік, қайсысы езулік екенін айтып беріңдер.
          
Жұмбақтар.
1.Егіз қайың, Бой-бастары тең өскен.
 Іске дайын, Бұтақтары бес-бестен.
         2.Көлденең ілген ақ таяқ, Тұтанар отпен жақпай-ақ.        
         3.Бір малға екі бала мінгеседі, Айлап-жылдап түспестен күн кешеді.

14-жаттығу. Көп нүктенің орнына о, е, ұ, ү ы, і әріптерінің тиістісін қойып, жаттығуды көшіріп жазыңдар.
1. Саналы адам с...ғыңды сындырм..с, санасыз адам ж...ғыңды тындырмас.(Толе  би).2. Ерден апасына бол...сып, үйдің керегесін жайысып, уық шаншысып, ширақ қайрат көрсетті. (С.Б). 3.Жабайды қолма – қол арбадан түсіріп алып,төр бөлм...ге әкетті. (Ғ.М.) 4. Бес бөт...рігін ертіп алып, Беті – қол...домб...ғып үсік шалды.(А) 7. Еңсесі биік, терезелері үлкен үйдің корид...рына көг...лдір аспаннан күлімсірей күн қарап тұр.(С.М.)

15-жаттығу.Көп нүктенің орнына ұ, ү, ы, і, әріптерінің тиістісін қойып, жаттығуды көшіріп жазыңдар. Емлесі қиындық келтіретін сөздерді орфографиялық сөздіктен қараңдар.
Күзг...  суық, түнг...  салқын, күнд...зг...  ыстық, ұз...н құр...қ, мәжб...р болу, мазм...ндама жазу, қамшыныңбүлд...ргесі, бүрс...г...ні келмек, құм...рсқанның илеуі, түй...ншекті шешу, күлк...лі жағдай, үлкен толқ...н, сөзін мақ...лдау, түлк...нің терісі, үск...р...ктің соғуы, б...лай қарай кетті, арбаның мұр....ндығы.

16-жаттығу.Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құраңдар, олардың емлесін есте сақтаңдар.

Күш – көлік, күш – жігер, жүкаяқ, мүдделі адамдар, түрегелу, құсбегі, жүзі жылы, мұқият болу, құлақ бау, сүйінші сұрау, сүңгуір қайық, тұзаққа түсу, тұқым қоры.

17-жаттығу.Көп нүктенің орнына керекті етістіктердің бірін қойып жазыңыз.
    
    Жазда менің досым оңтүстікте .... . Биыл мен оқуға .... . Сен мектепті үш жыл бұрын .... бе? Сіздер асханадан тамақ .... ме? Біз қазақ тілі сабағында көп нәрсе ... . Мен мектепте қабырға газетінің редакторы ... . Сіз Көкшетау облысында ... ба? Сендер күнде дене шынықтыру ... . Бүгін олар ауылға хат ... . Өткен аптада біз қазақ тілі сабағына көп ... .  Кеше біз қонақтан кеш ... . Мұғалім бізге жедел өткен шақтың жасалуын ... .

18-жаттығу. Қарамен жазылған сөздердің шырай түрлерін анықтаңдар.

1. Менің сыйлығым басқаларға қарағанда үлкендей болды. 2. Таняның көйлегі әп-әдемі. 3. Өткен демалыста біз өте жақсы демалдық. 4. Менің мектебім үйімнен алыстау. 5. Бүгін біз оп-оңай бақылау жұмысын жаздық. 5. Қыста дала аппақ болады.

19-жаттығу.Төменде берілген сөйлемдегі сын есімдерден салыстырмалы шырай формасын жасаңдар.

1. Асхаттың сыйлығы үлкен.
2. Дастарханда дәмді тағамдар болды.
3.Туған күнімді жақсы өткіздім.

20-жаттығу. Болымсыз етістік жасаңыз, жұрнақтың астын сызыңыз.

Тұрдыңыздар, оқыдық, берді, жаттыңдар, сөйлесті, сөйледім, көрдің, тыңдады, еңбек етті, жұмыс істедім, бардыңыздар, отырдыңдар, жаздыңыз, сендің, көмектестім, аштың, ойладыңыз, сездік, жеңді, әкелдіңіздер, үйрендім, ішті, жедім, аудардыңыздар, жеттің.

21-жаттығу.Көп нүктенің орнын тиісті жалғауларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

Автовокзал ..., темір жол вокзалдары...  түскен сәттен-ақ, қалада машина өте көп екенін еске ал. Жолд... тек ережеге сай кесіп өтуге болады. Қала саған ауыл емес. Қала... адам көп. Оң жақ... жүру шарт. Әлдекімге сұқтана қарама, ол әдепсіздік. Қала... тазалық жайын ұмытпа. Қала... өз тәртібі бар.



 Нукушева Б.К.


Комментариев нет:

Отправить комментарий

Это интересно!

«Каждой пичужке наша кормушка» Экологическая акция в начальной школе женской гимназии Одним из направлений воспитательной работы...