вторник, 19 декабря 2017 г.

Жаратылыстану Бөлім Табиғат физикасы («Бізді қоршаған әлем» ортақ тақырып аясында)

Пән: Жаратылыстану
Бөлім Табиғат физикасы
(«Бізді қоршаған әлем» ортақ тақырып аясында)
Бөлімше 5.1 Күш және қозғалыс
Дағдылар Бақылау; Зерттеу әрекетін жоспарлау;
 Күні: 19.12.2017ж.
Сынып: 1 «В»
Мектеп: «Теміртау қ. әйелдер гимназиясы» КММ
Мұғалімнің аты-жөні: Калимбетова Г.А.
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы
Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.5.1.3 қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: әр түрлі нысандардың қозғалыс траекториясына тәжірибе жасап, қозғалыс траекториясының не екенін біледі
Көптеген оқушылар: көліктердің немесе басқа да заттардың  қозғалыс траекторияларын ажыратады
Кейбір оқушылар: басқа да қозғалыс траекторияларын сызады
Бағалау критерийлері
Қозғалыстың түрлі траекторияларын зерттей алады
Түрлі денелердің қозғалыс траекторияларын сызып көрсете  алады

Тілдік мақсаттар

Қозғалыс траекториясы

Құндылықтарды дарыту


Ынтымақтастық, қызығушылық, танымпаздық, қоршаған ортаны тану.
Пәнаралық байланыстар
Математика. Дүниетану. Сауат ашу
АКТ қолдану дағдылары
Интербелсенді тақта, әр топқа арналған ойыншық мәшинелер және шарлар, құм салынған жайпақ төртбұрышты пластмасса ыдыс.
Бастапқы білім

Балалар, келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Кезекші кім?
Бүгін қай күн? (21 желтоқсан, аптаның үшінші күні сәрсенбі)
 Біз  өткен сабақта түрлі денелердің қозғалысына мысал келтіріп, қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтаған болатынбыз.
Қозғалыс дегеніміз не?
Жанды денелер қалай қозғалады?
Ал, жансыз денелер ше?
Суреттегі денелер қалай қозғалады?
Ұшақ – (ұшады)
Балық – (жүзеді)
Ал, мына жануарлар не үшін қозғалады?
Аю-қозғалу арқылы азығын тауып жейді
Жолбарыс -қозғалу арқылы су ішеді.
Құстар-қозғалу арқылы ...............
Жануарлар  үшін қозғалыстың қандай маңызы бар?
Жануарлар қозғалу арқылы ........................................
Адамдар не үшін жаттығу жасайды?
Таза ауада серуендеудің қандай пайдасы бар?
Адамдар не үшін қозғалады?
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы
9:50-9:55  









































Сабақтың ортасы
9:55-10:00  

















Ширату:
(Ұ) Мұғалім «Қал қалай? Осылай!» ойыны
Əр сұраққа балалар хормен «Осылай!» деп жауап береді де,қолмен дұрыс бағытты көрсетеді (əрекет).
Қал қалай?– Осылай! (Бас бармағын көтереді).
Жүріс қалай?– Осылай! (Алақанда екі саусақпен «адымдайды»).
Жүгірісше?–Осылай!(Қолдарын шынтағынан бүгіп,жүгіргендегідей етіп қозғалтады).
Түнгі ұйқы?–Осылай! (Қолдарын бетінің астына салып, бастарын түсіреді).
Аласың ба?Осылай! (Қолдарымен қармайтын əрекеттер жасайды).
Бергенде ше? – Осылай! (Қолдарымен бір затты беріп тұрғандай қозғалтады).
Балалар, қазір қандай әрекеттер жасадыңдар? (Жаттығулар орындадық ,қозғалдық).
Біз  өткен сабақта түрлі денелердің қозғалысына мысал келтіріп, қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтаған болатынбыз. Есімізге түсііп, сұрақтарға жауап берейік.
Қозғалыс дегеніміз не?
Жанды денелер қалай қозғалады?
Ал, жансыз денелер ше?
Суреттегі денелер қалай қозғалады?
Ұшақ – (ұшады)
Балық – (жүзеді)
Ал, мына жануарлар не үшін қозғалады?
Аю-қозғалу арқылы азығын тауып жейді
Жолбарыс -қозғалу арқылы су ішеді.
Құстар-қозғалу арқылы ...............
Жануарлар  үшін қозғалыстың қандай маңызы бар?
Жануарлар қозғалу арқылы ........................................
Адамдар не үшін жаттығу жасайды?
Таза ауада серуендеудің қандай пайдасы бар?
Адамдар не үшін қозғалады?

Мақсатын хабарлау
Балалар, бүгінгі сабағымыздың мақсаты қозғалыстың түрлі траекториясына зерттеу жүргізіп, оларды сурет түрінде көрсетеміз

Білу және түсіну.  Бақылау дағдысы.
МК Ұ Қызығушылықты ояту
Суреттерге қарайық. Қай суреттен дененің  қозғалысының ізін байқадық? (Ұшақтың)
Жолдағы мәшиненің ізі  көріне ме? (жаңбырлы, қарлы күні ғана көруге болады)
Тағы қандай көліктердің ізін көруге болады? Мысал келтірейік. (кеменің, катердің)
Осы көліктердің ізіне қарап, көліктердің қалай жүргенін байқауға болады.
Бізді қоршаған әлемдегі түрлі денелердің қозғалысының траекториясына мысалдар келтіріп, ауада сызып көрсетейік.
1) Ауада ұшақ болып ұшып көрейік, ұшқан жолын ауада сызықпен сызайық, қандай сызық сызылды? (түзу сызық)
2)Ал қардың бетінде машинаны жүргізейік, оңға бұрылайық, ал енді солға бұрылайық. Тоқтайық. Мәшиненің жүрген жолын ауада сызықпен көрсетейік. қандай сызық сызылды? (қисық сызық).
3)Допты жерге ұрып ойнайық. Доптың траекториясын ауада сызайық, қандай сызық сызылды? (сынық сызық)
Ұшақ, мәшине және доптың қозғалыс траекториясы қандай сызықтар арқылы өзгерді? (Түзу, қисық  және сынық сызықтар арқылы өзгерді)



































Көліктердің суреттері
10:00-10:10



























Сергіту сәті
10:10-10:12








10:12-10:20
Қолдану. Зерттеу әрекетін жоспарлау дағдысы
МК.  Топтық  жұмыс. Мағынаны тану.
Мұғалім: Денелер қалай қозғалады? Қозғалысқа түскен денелердің траекторияларына зерттеу жүргізіп көрейік. Топтық жұмыста бір-бірімізді тыңдаймыз. Сынып ережесін сақтаймыз.
Кішкене шар мен мәшиненің қозғалысын зерттейміз. Олар қандай траекториямен қозғалды?
Құм себілген табақшаның бір шетіне кітапты қойып, табақты сәл қисайта орналастырыңдар. Төбешікке ойыншық мәшинені  және допты қойып итеріп жіберіңдер.
Құм бетінде ойыншықтан қалған сызықты Венн диаграммасына салыңдар.
Ал енді сызықтарды салыстырыңдар.  Денелердің айырмашылығын атаңдар. 
                   Мәшине                             Шар
 




Ұқсастығы екеуі де траектория.

Балалар, табиғат құбылыстары да қозғалыс жасайтынын білесіңдер. Қане, сергіту сәтін жасап жіберейік.
Жел тұрды.
Қатты-қатты тұрды.
Жаңбыр тамшылап жауды.
Құйып жауды.
Жаңбыр басылды,
Күн ашылды.


Жинақтау.  Қ (қалыпт. бағ.)  Ө (өзіндік жұмыс)

Қалыптастырушы  бағалау.
Балалар,

1-тапсырма. (Жұмыс дәптерінде 28-жұмыс парағы, 30-бет)
 Мектептен үйге дейінгі жолыңның траекториясын сызыңдар.
Қандай траектория шықты?
Неге түп түзу жол бойымен қозғалуға болмайды?
(Өйткені жолда түрлі бөгеттер, кедергілер кездеседі. Сондықтан траекторияны өзгертуге тура келеді)
 Бағалау критерийі:
- мектептен үйге дейінгі жолының траекториясын сыза алады
Дескриптор:
- мектептен үйге дейінгі жолының траекториясын сызады
2-тапсырма. (Жұмыс дәптерінде 29-жұмыс парағы, 31- бет)
Көлік  суретін оған сәйкес келетін траекториямен сәйкестендіріп сызамыз.
Бағалау критерийі:
- көлік  суретін оған сәйкес келетін траекториямен сәйкестендіріп сыза алады
Дескриптор:
- көлік  суретін оған сәйкес келетін траекториямен сәйкестендіріп сызды
Катерді қандай траекториямен (сызықпен)  сәйкестендірдің?
(Доға тәріздес қисық сызық)
Ұшақты қандай траекториямен (сызықпен)  сәйкестендірдің?
(Бұрыш жасай жоғары бағытталған сызық)
Мәшинені қандай траекториямен (сызықпен)  сәйкестендірдің? (Түзу жол- қозғалыс траекториясы)

САРАЛАУ
Көбелекке өз гүліне қонуға көмектес.
Гүлді боя.                               Араға  гүлге жетуге көмектес.
http://ped-kopilka.ru/images/photos/a05a4ff256134ceb34035bf24fa36620.jpg              http://ped-kopilka.ru/images/photos/ad0a1e7f7a1e20979340a5d31544ffcd.jpg
      



Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?
Белгілі бір көліктің немесе басқа да заттың қозғалыс кезіндігі  ізі немесе сызығы.











Шар және мәшине





Венн диаграммасы сызылған А3 қағаз


















Жұмыс дәптері








































Үлестірмелі қағаздар
Сабақтың соңы
10:22-10:24
Талдау. Ұ «Бауырсақ» ертегісі. Сюжет желісімен әңгімелеу.
Мұғалім: Бауырсақтың траекториясын бақылап отырайық.
Бауырсаққа үнемі түзу жолмен жүруге не бөгет болды? (Сазбалшық, түлкі, қасқыр)
Бауырсақтың алдында бөгеттер пайда болып, траекторияны өзгертуге тура келді.
Рефлексия
Балалар, жолда жүру ережесін сақтауға көмектесетін  бағдаршам бүгін бізде  қонақта.
    Біздің бағдаршамымыз сабақты түсінген, түсінбегенімізді білдіреді. Әр оқушы өз белгісін көтереді.
https://ds03.infourok.ru/uploads/ex/0e4c/00009703-da254f09/hello_html_4efc452b.jpg
Маған түсіну қиын болды
Өзім түсіндім, өзгеге түсіндіре алмаймын
Өзім түсіндім, өзгеге түсіндіре аламын

«Бауырсақ» ертегісінің суреті
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
Көбелекке өз гүліне қонуға көмектес. Гүлді боя.
http://ped-kopilka.ru/images/photos/a05a4ff256134ceb34035bf24fa36620.jpg

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Араға  гүлге жетуге көмектес.
http://ped-kopilka.ru/images/photos/ad0a1e7f7a1e20979340a5d31544ffcd.jpg
     
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Ой толғаныс:
Не өттік?
Қозғалыс траекториясын өттік
Не білдік?
Көліктердің қозғалысының траекториясы түрлі сызықтардан тұратынын білдік.
Не үйрендік?
Қозғалыс траекториясының сызықтарын салып, сызып үйрендік



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: Қозғалысқа түскен денелердің траекториясына зерттеу жүргізіп, венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары мен өзгешеліктерін дәлелдеп бере алды.
2: Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын оқушылар қызығушылықпен орындады.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: Оқушылардың зейінін шоғырландыратын ширату тапсырмалары.
2: Зерттеу жұмыстарын нақты жүргізу.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

          Сабаққа сыныптың басым көпшілік оқушылары қызығушылықпен қатысып, мақсатқа жету үшін өз ойларын жеткізуге тырысып, өзіндік әрекеттер орындады. Қолдауды қажет ететін оқушы Алдиярова Анеля кері байланыста өзінің мақсатқа толық жете алмағанын қызыл түсті белгі арқылы түсіндірді. Келесі сабақта қолдауды қажет ететін оқушылармен жеке көңіл көбірек бөлу қажет деп ойлаймын.   

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Это интересно!

«Каждой пичужке наша кормушка» Экологическая акция в начальной школе женской гимназии Одним из направлений воспитательной работы...