вторник, 5 февраля 2019 г.

Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуінде жаңа технологияларды пайдалану


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУІНДЕ ЖАҢА
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
Калимбетова Гульжан Абдуллаевна
 «Теміртау қаласының әйелдер гимназиясы»КММ
Қазіргі кезде егемен елімізде білімді берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып мектеп практикасына енгізілуде. Әрбір мұғалімнің алдында оқушылардың үлгерімін жоғарлату мақсаты қойылады. Бірақ  мұғалімнің сабакта таңдаған жұмыстың орташа ырғағы оқушылардың бірілеріне ыңғайлы, екіншілері үшін жылдам, калғандарына тіпті баяу болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім сабақта жаңа технологияларды    қолданып, оқыту сапасын арттыруы кажет.
Қазіргі заманғы педагогикалық ой-тұжырымда оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, білімді өздігінен табу, оның  шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Оқушы өзі іздеп, өзі тауып, талдап, керегін ала білсе, көзімен көріп, қолымен ұстап көрсе, есте сақтау кабілеті де жақсарады. Қосымша әдебиетпен жасалатын жұмыста оқушы сөздік, аныктама, ережелерді, журналдарды ақтара отырып баяндама, реферат, талдау түрлері оқушыны ойланып жұмыс жасауға, келешекте тиянақтылыққа үйретеді. Оқушыны жұрт алдында сөйлеуге  дағдыландырады.
Егеменді еліміздің  білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін оқытудың әр түрлі әдіс- тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, өзін таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән беріліп отыр. Ендеше, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор. Сондықтан оқу үрдісінде баланың білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, акыл ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық белсенділікті арттыру қажет. Осы орайда сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушы тұлғасын қалыптастырудың тиімділігі зор.
Бұл орайда оқытудың жаңа технологияларының тиімділігі байқалды. Уакыт үнемделеді және мұғалімге аз сөйлеуге мүмкіндік береді. Сабақ үстінде талантты мен дарынды оқушылармен жұмыска да көңіл бөлінеді. Жалпы сыныптағы топтар белгілі бір тапсырма орындағанда, ол оқушыларға бөлек тапсырма беріп отырса, олардың сабаққа деген ынталары одан да жоғарылай түседі.
Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар кауымының  алдында тұрған  үлкен максат-өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке кабілетті, еркін және жан - жақты  жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді.
  Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, акпаратты өзі іздеп табуы шапшағаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы  қамтамасыз етіледі. Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің оқушының өз бетімен ізденіп, шыгармашылық ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.
Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақты дайындай аламыз.
 Мұнда басты назар аударатын нәрсе - оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған  сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біздің ше, тіл байлыгы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз. Оқушыларды шығармашылық  бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Пайдаланылған  әдебиеттер:
1.  Тоқсанбаева Н.Қ. Оқыту процесі жүйесіндегі танымдык іс-әрекетінің кұрылымы: Психол. ғыл. канд. дис. Алматы, 2001.
  Тоқсанбаева Н.Қ. Окыту процесі жүйесіндегі танымдык іс-әрекетінің кұрылымы: Психол. ғыл. канд. дис. Алматы, 2001.
2.  Ахметов С. Бастауыш сыныптарға білім берудің жолдары, Алматы. Рауан. - 2001.
3.  Тілеуов С.С., Әлімбек А.З. Педагогика. Шымкент. - 2006.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Это интересно!

«Каждой пичужке наша кормушка» Экологическая акция в начальной школе женской гимназии Одним из направлений воспитательной работы...