Теміртау қаласында 7-8
желтоқсан күндері 8-11 сыныптар арасында қалалық олимпиада өтті. Бұл
олимпиадаға қазақ тілі пәнінің мұғалімі жетекшілік еткен 5 оқушы қатысты.
Барлығы жүлделі орындар алып, І орын алған 10-сынып оқушысы Яхьяева Жайна
облыстық олимпиадаға жолдама алды. Қарағанды облысы бойынша 5-6 қаңтарда
өткізілген облыстық олимпиададан да ІІ орын иесі атанған Яхьяева Жайнаға
сыйлыққа 10 000 теңгелік сертификат ұсынды. Яхьяева Жайнаның айтуынша:
«Қазақ елінде тұрып, қазақ тілін білмеу дұрыс емес», - деп есептейді. Бұл
Яхьяева Жайна қатысқан алғашқы облыстық байқау және ол өзінің ұстазы Нукушева
Бақыт Қуанышевнаға шексіз алғысын білдіреді.
Мақала авторы Зыямиденова А.М.
Комментариев нет:
Отправить комментарий